Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат сайлауы өтті - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат сайлауы өтті

 

Кеше Көкшетауда «2017 жылғы 28 маусымға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Парламент Сенаты депутатының сайлауы болып өтті

 

Мәслихат депутаттарының бірлескен отырысын ашқан облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин заң бойынша Парламент Сенатының депутаттығына  сайлау  мәслихат депутаттарынан құралған таңдаушылардың құзырына берілгендігін және «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» конституциялық заңының 77 бабына сай, бұл таңдаушылардың бірлескен отырысында өтетінін айтты. Облыс мәслихаттарының  276 депутаты болса, бірлескен отырысқа  271 депутат келген екен. Заң талабына сай, депутаттардың елу пайыздан астамы келгенде ол заңды болып табылмақ.
Бұдан кейін облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов сөз алып,  депутаттарға дауыс беру тәртібі жайында түсіндіріп берді. Сайлау бюллетені арқылы таңдаушылар өзі қалаған үміткердің тегінің тұсына белгі қояды. Бір таңдаушы бір дауыс бере алады және жарамсыз болып қалған бюллетеннің орнына екіншісі берілмейді.
Айта кетелік,  биылғы Парламент Сенатының депутаты сайлауына облысымыздан екі үміткер: Дәурен Әділбеков пен Дамир Досхожин қатысқан еді. Сайлауға дауыс беретін таңдаушы ретінде қатысқан мәслихат депутаттарынан бөлек, үміткерлердің сенім білдірген өкілдері және бақылаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Айта кетерлігі, бақылаушылардың арасында облысымызда тіркелген түрлі саяси партиялардың  өкілдерімен бірге, шетелдік бақылаушылар да болды.
Дауыс берудің алдын ала шығарылған қорытындысына сай, депутаттықтан  үміткер Дәурен Әділбековке барлық таңдаушылардың 94,5 пайызы дауыс берсе, Дамир Досхожинге  5,5 пайызы өз дауыстарын беріпті. Дегенмен, дауыс берудің ресми қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы бір жетіге дейінгі мерзім ішінде шығармақ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар