Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстаннан Үндістанға сапарлау жеңілдейді - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстаннан Үндістанға сапарлау жеңілдейді

 

2017 жылдың 2 шілдесінде мамандандырылған EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келушілерге жағдай жасау мақсатында «Эйр Астана» әуе компаниясы орындайтын Астана-Дели-
Астана бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашылады.

ҚР ИДМ мәліметіне қарағанда, Қазақстан мен Үндістанның астаналарын байланыстыратын рейс аптасына 3 рет жиілікпен, яғни, дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Жаңа халықаралық рейс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға дейін еліміз арқылы өтетін транзиттік жолаушылар ағынын 4 есеге дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асуда.
Соңғы 7 жылда транзиттік әуе жолаушылар ағыны 20 есеге артты. Перспективалы бағыттардың бірі Үндістаннан Қазақстан арқылы ТМД елдеріне бағытталған транзиттік жолаушылар маршруты болып табылады. Астаналар арасына қатынайтын рейс 2004 жылдан бері «Эйр Астана» әуе компаниясы орындап келе жатқан Алматы – Дели – Алматы рейсін толықтыратын тиімді жоба.
Сондай-ақ, аталмыш рейс Халықаралық Астана қаржы орталығын (ХАҚО) дамытуда іскерлік белсенділігін ынталандыру үшін қызмет ететін болады. Айта кету керек, бұл халықаралық рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Үндістанның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар