«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания-сы контент пен шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаровтың айтуынша, бұл ресейлік MTV арнасы емес.
Ол – әлемге кеңінен танылған британдық MTV. Фестиваль ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылады. «18 тамызда MTV фестивалі өтеді. Аталған шара ЭКСПО көрмесінің амфитеатрында ұйымдастырылады. Күні кеше біз арнайы кеңес өткіздік. Айта кеткен жөн, бұл ресейлік MTV емес, Ұлыбританияның MTV фестивалі болады. Былайша айтқанда, MTV әлемдік бренді ТМД аймағына алғаш рет келеді. Әртістердің бәрі танымал.
Ішінде Грэмми, тіпті Оскар сыйлығын алғандар да бар», – деді Омаров журналистерге берген сұxбатында. Департамент басшысының айтуынша, MTV фестивалін xалық арасында кеңінен насиxаттау жұмысы бір ай бұрын басталады. Сол кезде шараға келетін әрбір әртістің есімі бір-бірлеп жарияланады. Еске сала кетсек, ЭКСПО-ның амфитеатрында өтетін шаралар үшін бөлек билет алудың қажеті жоқ. Көрменің өзіне билет болса болғаны.