Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашақ – электрондық қызметте - АРҚА АЖАРЫ

Болашақ – электрондық қызметте

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасының мемлекеттік қызмет көрсету бағдары бойынша жұмыс тобының кезекті отырысында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жемқорлық заң бұзушылықтардың алдын алу мәселесі талқыланды.

  Облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетовтың төрағалығымен өткен мәжілісте денсаулық сақтау басқармасы құрамында құрылып, жұмыс істей бастаған мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан жаңа бөлімнің басшысы Рүстем Баймағамбетовтың айтуынша, облысымызда көрсетілетін 176  түрлі мемлекеттік қызметтің 26-сы медициналық қызмет екен.  Ал, солардың  алтауы ақылы қызмет.

Бүгінгі күні облысымызда медициналық қызмет көрсетіп отырған 41 медициналық мекеме болса, олар жыл басынан бері 1,4 миллион қызмет көрсеткен екен. Осы цифрлардан бағамдап отырғанымыздай, медициналық қызметке деген сұраныс жоғары. Басы ауырып, балтыры сыздағандардың бәрі емханаға барып, дәрігерге көрініп жатады. Содан болар, денсаулық сақтау мекемелерінде қашан барсаң да ұзын-сонар кезек күткендерді көресің. Рүстем Баймағамбетовтың айтуынша, қызмет көрсету сапасын арттырып, жеделдігін қамтамасыз етуде электронды нұсқада қызмет көрсетуге көшудің маңызы зор. Бірақ та, өкініштісі сол, адамдардың көбі дәстүрлі қызмет көрсетуді, яғни, емханаға барып оның қабылдау тәртібі бойынша дәрігерге көрінуді жөн санайды екен. Бұған науқастардың басым көпшілігінің қарт адамдар болуы да себеп болып отырған сияқты. Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі тарапынан жүргізілген тексерулер барысында анықталған түрлі кемшіліктерге жол берген 17 медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.
Отырыста медициналық қызмет көрсету сапасын және оның қолжетімділігі мен жеделдігін арттыруға электрондық нұсқадағы қызметтің тигізер ықпалының зор екендігі айтылып, бұл бағытта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге жете көңіл бөлу қажеттігіне назар аударылды. Әзірге халық арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары жергілікті ақпарат құралдары арқылы мақалалар жазып, теледидардан қысқа хабарлар ұйымдастырумен шектелуде. «Бұл жеткіліксіз, жергілікті жерлерге шығып, халықпен кездесулер өткізіп, түсіндіру қажет», – деді облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов.
Осы орайда, облыс орталығындағы медициналық колледж оқушыларынан құралған еріктілерді қарт адамдарға электрондық және терминалдардағы қызмет түрлерін  пайдалануға үйрету бойынша тарту тиімділігі жайында ұсыныс айтылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар