Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зейнетақы салымы баршамызды толғандырады - АРҚА АЖАРЫ

Зейнетақы салымы баршамызды толғандырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Ақмола облыстық филиалында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әрбір салымшы үшін қолжетімді» атты тақырыпта Ашық есік күні болып өтті.

 

Зейнетақы қорының салымшыларына өздерінің зейнетақы жинақтары жайлы электронды пошта немесе ұялы қосымша арқылы қордың жеке сайтына кіріп қадағалау мүмкіндігі туды. Аталмыш іс-шара салымшылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Қор салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтары туралы онлайн тәртібінде ақпарат ала отырып, жұмыс берушілерін және инвестициялық табыстардың есептелуін қадағалап, зейнетақы мөлшері қанша болатыны жайлы болжам да жасай алады.
Қордың облыстық филиалының басшысы Аяш Кеншінбаева шара барысында зейнет жасына дейін қалай лайықты қаржы жинау керектігі жайлы айтса, салымшылармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкері Динара Жаниева жұртшылыққа еліміз бойынша зейнетақы жүйесі қазіргі таңда үш деңгейлі жүйемен жұмыс істеп жатқандығын тілге тиек етіп, сол деңгейлерге толығырақ тоқталды.
Салымшылар «БЖЗҚ» ұялы қосымшасын жүктеп, өз қаражатын кезекте тұрмай-ақ, қалта телефонымен тексере алады. Қала тұрғындары көңілінде жүрген сауалдарды қойып, мамандардан тұшымды жауап алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар