ҰБТ: көрсеткіш не дейді?..

Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде 2004 жылдан бері белгілі бір ереже бойынша өткізіліп келген. Биылғы жылы сол ереже талаптарына  бірқатар өзгерістер енгізілді.

2016-2017 оқу жылы облыстағы жалпы білім беретін мектептерді 4331 түлек тәмамдады. Тестілеу сынағы облысымызда 21-23 маусым аралығында өткізіліп, оған 2964 бала қатысты. Облыс бойынша 11 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті жұмыс істеді. Барлық тестілеу пункттері талапқа сай қажетті құралдармен толық жабдықталып, ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. ҰБТ өткізу барысында ереже талаптарын бұзу оқиғалары орын алған жоқ. Үстіміздегі жылы білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау екі кезеңнен тұрды. Біріншісі, қорытынды аттестаттау –  бұл мектепте өткізілетін мемлекеттік емтихан болса, екіншісі ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсемін деген түлектерге арналған.
Тестілеу қорытындысы бойынша  биылғы орташа балл 79,9 пайызды құрады. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда, 2,3 пайызға жоғары екендігін байқаймыз. Облыс бойынша ең жоғары 134 балды жинаған  Ақкөл қаласындағы №3 қазақ орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері  Айлана Байназарова мен Атбасар қаласындағы №2 орта мектептің түлегі Амнат Огаева.
Көкшетау қаласындағы №7 орта мектептің түлегі, 133 балл жинаған Абдолла Қасымханұлы да   өз білімін дәлелдеп, мектеп абыройын аспандатты. Шығармашылық мамандықтарға тест тапсырған бала саны – 84. Бұл балалар үшін жоғары оқу орнына түсу емтиханы әлі аяқталған жоқ. Жоғары оқу орнына түсу үшін төменгі шекті 50 балдан кем жинаған талапкерлер саны – 251. Былтырғы жылы 726 оқушы шектік балдан өте алмаған.
Білім басқармасындағы мамандардың сөзіне құлақ түрер болсақ, биылдан бастап, ҰБТ қорытындысы бойынша облыстар арасында рейтинг жүргізілмейтін болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар