Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сақтанбасаң, тілсіз жау алдында дәрменсізсің облыс бойынша жаз басталғалы алты адам суға кетсе, оның төртеуі балалар - АРҚА АЖАРЫ

Сақтанбасаң, тілсіз жау алдында дәрменсізсің облыс бойынша жаз басталғалы алты адам суға кетсе, оның төртеуі балалар

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Доспаев облыстың өзен-көлдерінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмау оқиғалары туралы баяндады.
Оның айтуынша, өңірде барлығы 754 өзен-көл тіркелген. Оның 605-і табиғи су айдыны болса, өзгесі демалыс және балық аулау үшін пайдаланылатын қолдан жасалған тоғандар. Нұра мен Есіл өзендері суға шомылуға қауіпті болып отыр. Бұл өзендерде соңғы үш жылда 25 адам суға кетсе, сегізі балалар. Биылғы жылдың суға шомылу маусымы басталғаннан бері адам өлімінің алты оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 4 бала бар. Целиноград ауданының су айдындарында үш адам, Астрахан ауданында екі адам, Атбасар ауданында бір адам суға кеткен. Сондай-ақ, жыл басынан бері облыстың тоғандарында 14 қайғылы оқиға болды. Адам өлімінің негізгі себептері – балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру және өз күшін бағаламау. Барлық оқиғалар күзетілмейтін су айдындарында тіркелген. Мұнда құтқарушы бөлімшелер жоқ.
Жалпы, құтқарушы бөлімшелермен тек төрт тоғанның кейбір учаскелері және жекеменшік демалыс аймағы бақыланады. Мәселен, Бурабай, Зеренді, Қопа және Щучье көлдерінде 4 құтқарушы бөлімше және жедел құтқару отрядының сүңгуір құтқарушы бөлімі жұмыс істейді. Мұндағы 61 кәсіби құтқарушы адам өміріне араша түсуге әрқашан дайын. Отряд он автокөлікпен, құтқару техникаларымен және 25 арнайы қайықпен жабдықталған. Облыстың су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында департамент құтқару бөлімшелерінде балаларды суда малтуға үйрету бағдарламасын және қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен, шипажайдың, балалардың сауықтыру мекемелерінің және лагерьлердің басшыларымен бірге бірлескен шаралардың жос-
парын бекітті. Департамент тұрғындармен қауіпсіздік шаралары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді жұмыс жүргізеді. Әңгімелер мен лекциялар өткізіп, үгіт-насихат парақшаларын таратады.
Департамент қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірге алдын алу рейдтерін жүргізіп, қауіпті тоғандарды күзетеді. Демалыс үйлерінің басшыларымен бірлесе отырып, қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша жұмыс жүргізді. Осының арқасында 37 бекет, оның ішінде 5 бекет биылғы жылы құрылды. Степногорск қаласы мен Целиноград, Зеренді аудандарындағы бекеттерде 120 құтқарушы жұмыс істейді. Қоғамдық құтқарушылар құтқару бөлімшелерінің базасында судан құтқару әдісіне және дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсетуге оқытылды. Бекеттердің көбі Бурабай, Зеренді және Целиноград аудандарында құрылды. Күзетілетін қоғамдық бекеттер құрылған тоған учаскелерінде адам өліміне жол берілмеді. Қоғамдық құтқарушылар суда өзін ұстау ережелері жөнінде түсінік жұмысын жүргізеді. Буклеттер таратады. Департамент құтқарушылары білім басқармасы арқылы балалардың 18 демалыс лагеріндегі тәрбиешілерге суға түсетін жағажайларда олардың шомылуына бақылауды күшейту үшін әдістемелік ұсыныс жіберді. Облыстық білім басқармасының өкілдерімен бірге өңірдің қала сыртындағы 15 сауықтыру орталығы мен лагерінде викториналар мен конкурстар өткізілді. Шаралар барысында балаларға естеліктер мен буклеттер таратылды. «Судан сақ болыңыз!» фильмі мен бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, департамент құтқарушылары облыстық білім басқармасымен және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірге 1634 баланы жүзуге үйретті. Бұл мақсат үшін құтқару бөлімшелерінде балалардың 4 жағажайы қарастырылған. «2017 жылдың суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жөніндегі» төтенше жағдайды ескерту және жою бойынша облыстық комиссия отырысының хаттамалық шешімімен аудан әкімдіктеріне адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бо-
йынша тапсырма берілді. Облыс бойынша демалыс пен шомылу үшін қауіпті әрі жабдықталмаған тоғандар учаскелерінде 121 рұқсат етілмейтін белгі орнатылды. Биылғы жылдың суға шомылу маусымында облыс аумағына 37 баннер орнатылды. Еңбекшілдер мен Зеренді аудандық әкімдіктері баннер орнатуда белсендік танытты. Өңірдің тоғандарында адам өліміне жол бермеу үшін алдын алу жұмысы жалғасуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар