Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абылай хан рухына тағзым - АРҚА АЖАРЫ

Абылай хан рухына тағзым

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанадан салт атпен суыт шыққан «Номад» саяхатшылар тобы Бурабайдағы Абылайхан алаңына ат басын тіреді.Бұл саяхат Түркия, Бразилия, Ресей елдерінен келген көрме меймандарын еліміздің төл тарихы, мазмұнды мәдениетімен және ғажайып дәстүрімен етене таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

  Астананың іргесіндегі Ақбозат ауылынан шыққан саяхатшылар Шұбар, Құлшын, Бектау, Барап, Алакөл, Макинка, Базарбек тәрізді облысымыздың елді мекендерін басып өткен. Саяхатшылар арақашықтығы 292 шақырымды құрайтын бұл бағыттағы жолда үш күнде басып өтіп, табиғат аясында түнепті. Шара барысында олар өңірдің мәдени және тарихи орындарында болып, елдің ежелгі тарихымен және сан ғасырлық тарихы бар салт-дәстүрімен жақын танысқан. Абылайхан алаңындағы ел тәуелсіздігін, Қазақстан халқының бірлігін, бейбітшілік пен келісімді паш ететін стелла түбінде ат тізгінін тартқан саяхатшылар хан қоныстанған киелі жерге бас иіп, қолдарындағы туларды төмен түсірді. Этноауылға келген меймандарды ұлттық дәстүрмен құшақ жая қарсы алды. Шара барысында марапаттау салтанаты болып өтті.
–Жер шоқтығы, жер жаннаты, сұлу Көкшеге хош келдіңіздер! Абылайхан осы киелі жерде үш жүздің басын қосты. Абылайханның мекеніне сонау Астанадан ат терлетіп, ұлы бабаларымыздың өшпес ізімен келген қадамдарыңызға гүл бітсін,–деді Бурабай ауданының құрметті азаматы Төлеген Хамзин.
Облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов өз сөзінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің маңызы жөнінде айта келе, үш жүз шақырым жерден ат сабылтып, тебінгісі терге шыланған саяхатшыларға алғысын білдірді. Меймандарды Абылайхан бейнеленген естелік белгімен марапаттап, Бурабайдың бейнесін қамтитын брендтік өнімді сыйға тартты. Бұдан кейін ресейлік мейман Досымжан Кенжешов, профессор Ұлан Еркінбаев, түркиялық Метехан Инас, бразилиялық Рагуэль Рамос де Оливейра өз сөздерінде көшпенділердің өмірімен жақын танысқандарын баяндап берді. Олардың айтуынша, Астанадан шыққан сегіз саяхатшыға жолшыбай жиырмадан астам салт атты қосылған екен. Меймандар Абылайханның экспозициялық залын аралап көріп, этноауылда  қолөнер шеберлерінің бұйымдарын тамашалады. Сондай-ақ, ит жүгіртіп, құс салатын аңшылармен тілдесіп, жетінші қазынаның жанашырларымен ұлттық үрдісті ұлғайту жөнінде пікір алмас-ты. Шара соңында саяхатшыларға лайықты сый-сияпат көрсетілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар