Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шәкірттерімен бақытты - АРҚА АЖАРЫ

Шәкірттерімен бақытты

 Жылдар жаңарып, заман өзгеріп, білім мен ғылым тарих төріне шыққан кезде, білікті өз ісінің майталманы, іскер, шәкірт жанын түсінетін, мектеппен жүрегі бірге соғатын нағыз  ұстаздар таптырмайтын құндылық.

 

Олар алған білімін өскелең ұрпаққа беру үшін ауылға оралып, аса игілікті іс атқарды. Ойға ұлт ұстазы болған Ахмет Байтұрсынұлының «Халық мұғалімдер үшін халық болып отырған жоқ, мұғалімдер халық үшін мұғалім болып отыр» деген сөздері оралады. Қазақстандық жаңа ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беру қоғам мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілік. Боламын деп тұрған шәкіртін қолдап, озамын деп тұрса, бетінен қақпай демеп еліміздің ертеңі үшін барын салып жүрген ұстаздар баршылық. Осындай мақтан тұтарлық нағыз ұстаз жоғарыда айтылған Егіндікөл №1 қазақ орта мектебінің мұғалімі Гүлзат Қуатова дер едім. Химия пәнінің жетік маманы оқыту тәжірибесінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүргеніне отыз жылдан асты. Мектеп оқу ісінің меңгерушісі Гүлзат Қуатқызының шығармашылық ізденісінің, талабы мен іскерлігінің арқасында мектебіміздің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасы нығайып, білім сапасы жоғарылай бастады. Әр сабағы  үлкен ізденімпаздықпен, шығармашылықпен, ғылыми деңгейде оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданумен өтеді. «Дарынды шәкірт – дарынды ұстаздан  шығады» дегендей ғылыми жоба жұмыстарына және оқушыларды олимпиадаға дайындап, үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Гүлзат Қуатқызы – мектептегі ғылыми қоғамның жетекшісі, 2011 жылы Білім  және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, 2016 жылы Ақмола облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Ол  мұғалімдерді шығармашылық қызығушылыққа, инновациялық іскерлікке жетектейтін орта қалыптастыра білді. Шәкірттері арасында ойлау қабілеті, алған білімін тереңдете тәжірибеде қолдану шеберлігін арттырды. Ұстаздың біліктілігі мен іскерлік қасиеттері негізінде  «Жас зерттеушілер» ұйымының  жұмысын қорытындылау конференциясы өткізіліп отырды. Мектеп оқушыларының жұмыстары аудандық, облыстық, республикалық ғылыми байқаулар жарысында жүлделі орындарға ие болды. 2012-2013 жылғы оқу жылында  оқушысы Болат Нұржан ҰБТ-да химия пәнінен жоғары ұпай жинап, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетінің грант иегері атанып, ұстазының жолын жалғастыруда. Әрбір мамандықтың өмірде, қоғамда өз орны бар екені рас. Ал, ұстаз болу қай заманда да қиынның қиыны, егер жаратылысыңнан ұстаз болуға құмар болмасаң  бұл іспен бекерге айналыспа дер едім. Гүлзат Қуатқызы бо-
йына бар жақсылықты жиған аңғарымпаз ақыл иесі, өнер-білімге құштар, жаны асқақ, ар-намысын ардақтайтын, жақыны түгіл жатқа да әділ, батыл, ізгілік пен  адалдық иесі – нағыз ұстаз. Жақсысын ұлықтау, жайсаңын қызықтау – елге сын деген екен. Бүгінгі сөз сондықтан айтылып жатыр.

Бақыт ӘМІРХАНОВА,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы, ардагер-ұстаз.
 
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар