Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кешегі мен бүгіннің алтын арқауы – Ереймен - АРҚА АЖАРЫ

Кешегі мен бүгіннің алтын арқауы – Ереймен

Өткен сенбі күні облыс әкімі Мәлік Мырзалин кезекті жұмыс сапарымен Ерейментау ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарды  аралап көрді, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы және «Туған жер» бағдарламалары  бойынша қолға алынып жатқан іс-шаралармен танысып, Астананың айналасында азық-түлік белдеуін жасау жөніндегі жобаларды пысықтады.

 

Облыс әкімі алдымен аудандағы іргелі  шаруашылықтардың бірі саналатын «Жаңа Береке» шаруа қожалығында болып, мал шаруашылығын дамыту барысымен танысты. Шаруашылықтың атқарушы директоры Жандос Хасеновтың айтуынша, бүгінгі күні 2 мыңнан астам бас ірі қара бағылуда.
Сонымен қатар, шаруа қожалығы әртараптандыру шеңберінде мал азығына қажетті дәнді дақылдар егілетін алқаптарды кеңейтуде. Егістікке жарамды жердің 4 мың гектарына біржылдық және көпжылдық екпе шөп егілген. Өткен жылы қожалық ет өңдейтін жаңа кешенді іске қосты. Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде іске қосылған бұл жобаның құны 1 миллиард 131 миллион теңгені құрады. Бұл қаржының 738 миллион теңгесі «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы берілсе, қалғанын шаруа қожалығы өз қалтасынан салды. Оған қоса, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесі бар шаруа қожалығының 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы да бар.
– Асыл тұқымды мал басын көбейту үшін 2013 жылы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қарыз ақшасына  800 бас қазақтың ақбас сиыры мен 98 бас қалмақ сиырларын сатып алдық. Алдағы уақытта мал басын 3 мыңға жеткізіп, ет өндірісін арттыру жоспарда бар, – дейді Жандос Хасенов.
Кешен іске қосылғаннан бері барлығы 70 тоннаға жуық ет сатылып, одан 81 миллион теңгеден астам табыс түскен. Экологиялық жағынан таза, сапалы мал еті негізінен Астана қаласының сауда орындарына өткізілуде. Елордалықтар тарапынан ірі қара етіне сұраныс жоғары. Сонымен қатар, серіктестік халықтың әл-ауқатын көтеруге де игі ықпалын тигізуде. Осы мақсатта Новомарковка және Кіші Торғай ауылдарында жұмысшыларға арнап бес тұрғын үй салып берген.
Ал, осы ауылдағы «Хамзе» шаруа қожалығы болса, тауарлы сүт фермасын ұйымдастыруды қолға алған. Шаруашылық жүзден астам асыл тұқымды сауын сиырларын сатып алды. Оған қоса, сүт өңдейтін және мал азығын дайындайтын шағын зауыттың құрылысын жүргізуде. Қожалық басшысы Ержан Бикеновтың айтуына қарағанда жоба бойынша ферма төрт жүз сиырға лайықталған және іске қосылған кезде сүт және сүт өнімдерін аудан,  Астана қаласының тұрғындарына сату жоспарланған.  Ауылдағы мал шаруашылығы саласында ілкімді істерге оң бағасын берген аймақ басшысы одан әрі  Елордадан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан  Құмай түркі археологиялық-этнографиялық ескерткіш кешенінде болды. Бұл 2009 жылы ашылған кешен екі мың жылдық тарихы бар ежелгі ескерткіш болып табылады. Қазіргі күні кешен аумағының картасы жасалып, көптеген құнды деректер табылуда. Мұнда ежелгі заманда өмір сүрген көшпелі түркі тайпалары көсемінің жерленген зираты бар деседі тарихшылар.  Осыған орай, Құмай түркі археологиялық-этнографиялық ескерткіш кешенін «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде еліміздің киелі жерлері географиясы тізбесіне енгізу мəселесі қарастырылуда. Бұл туралы аймақ басшысына осындағы игі істерге жетекшілік етіп жүрген тарих ғылымдарының докторы Айман Досымбаева жан-жақты айтып берді.
– Ландшафтық, археологиялық жəне этнографиялық Құмай паркін ашу Қазақстан аумағындағы көне жəне орта ғасырлардағы мəдени мұраларды жақын тануға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Айман Досымбаева өз сөзінде.
Облысымызда жұртшылыққа танымал тарихи орындар аз емес. Олардың ішінде Құмай түркі археологиялық-этнографиялық ескерткіш кешенінде ашық аспан аясында сақталған археологиялық жәдігерлер көне әрі құнды болып саналады.
Сонымен қатар, облыс әкімі Ерейментау қаласындағы ескі әскери техникаларды жөндеумен айналысатын «КазАрмз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  «Ерейментау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны, «Бөгенбай батыр» атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, «Алғашқы жел электр стансасы» серіктестігінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, аудан орталығында жаңадан салынып жатқан 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына назар
аударды. Бұл 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы үшін республикалық және облыстық бюджеттен екі жүз миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Осы күні оның 117 миллион теңгесі игеріліп, нысанның төрт қабатының қабырғалары тұрғызылып, терезелері орнатылуда. Құрылыс жұмыстарын «Аккорд НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған.
Ел ішінде елеулі іс бар. Төрт түлігін өргізіп, ырысын ыждаһатпен тергізіп жатқан ауылдың азаматтары сүбелі істерімен өңірдің өңін жақсарта түсуде.

Суреттерде:  алтыншы-жетінші ғасырларға жататын қос батыр ескерткіші;  «КазАрмз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі еңбек тынысы.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар