Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірлік коммуникациялар қызметі Қорғалжын ауданына ұйымдастырған баспасөз туры барысында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ЮНЕСКО-ның Халықаралық табиғи мұрасының тізіміне енгізілген Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығым - АРҚА АЖАРЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметі Қорғалжын ауданына ұйымдастырған баспасөз туры барысында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ЮНЕСКО-ның Халықаралық табиғи мұрасының тізіміне енгізілген Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығым

Өңірлік коммуникациялар қызметі Қорғалжын ауданына ұйымдастырған баспасөз туры барысында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ЮНЕСКО-ның Халықаралық табиғи мұрасының тізіміне енгізілген Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығымен танысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» Стратегиясында ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керектігін баса айтқан болатын. Осы бағытта еліміз бойынша «Туған жер» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қорғалжын өңірі ел тарихына қатысты 17-18 ғасырлардың мұрасына бай. Оған осы жолғы баспасөз туры барысында көз жеткіздік. Соның ішінде «Дударай» стелласы. 1980 жылы Қазақстанның Ресейге қосылуының 250 жылдығы құрметіне орнатылған, екі халықтың достығына және ұлы махаббатқа арналған деседі.
«Дударай» стелласы Қазақстан халқы мәдени мұрасының халықтық қорына енген орыс қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсеннің сұлу да жанқиярлық махаббаты туралы ән – Дударай әнінің пайда болу тарихына арналған. Стелла Қорғалжын-Астана қаласы жолынан шығысқа қарай, Қорғалжын селосына кіреберісте орнатылған.
Нұра өзенінің сол жақ жағасында Қорғалжыннан үш шақырымдай жерде орналасқан Бытығай кесенесі де анадайдан көз тартады. Өкінішке орай, көлігіміздің істен шығуына байланысты әрі уақыттың тығыздығынан кесенеге жақындап бара алмадық. Дегенмен, таяқ тастам жерден өтіп бара жатып көзбен көрдік. Жалпы, бұл нысан  параметрлері бойынша өңірде теңдесіз тарихи ескерткіш саналады.
– Бытығай кесенесі қалыптасқан дәстүрге қарамастан, күйдірілген кірпіштен алебастр ерітпесінде қаланған, – деп түсіндірді жол серігіміз.
Ал, Қаныкей кесенесіне келетін болсақ, сазбалшықтан салынған ескерткіште 18-ғасырдың аяғы 19-ғасырдың басы деп көрсетілген. Нұра өзенінің оң жағалауында Өркендеу кентінен солтүстікке қарай 4 шақырымдай жерде орналасқан.
Ауданға туристерді көптеп тартатын қоқиқаздардың мекені Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы дер едік.  Бұл жерді сирек кездесетін аңдар мен құстарға бай екендігін елімізде білмейтін адам кемде-кем. Әсіресе, ерте көктемде осы өңірге  ұя салып, балапан өрбіту үшін ұшып келетін қайталанбас сұлулығымен ерекшеленетін қазақ қоқиқаз атайтын фламинго қорықтың ерекше мақтанышы. Ғашықтықтың, адалдықтың символына айналған аққу құспен тұқымдас саналатын қоқиқаз өзінің алқызыл реңімен, нәзіктігімен ерекшеленеді.
Ежелден саятқұмар қазақ халқы тазы жүгіртіп, бүркіт, қаршыға, ителгі баптап, даланың сырына қаншалықты машықтанған болса да, ешқашан аққуға, қоқиқазға оқ атпаған. Халқымыздың жазылмаса да, әркімге мәлім бұл заңы ешқашан бұзылған емес. Ал, Қорғалжын мемлекеттік қорығы ерекше қорғалатын аймақтар қатарына жататындығын ескерсек, қоқиқаздың  айдында еркін жүзуіне бүгінде де барлық жағдай жасалған деуге болады. Бүгінде еліміздегі ең ірі қорықтар қатарына жататын бұл өңір ЮНЕСКО-ның тізіміне алынып, әлемдегі айрықша қорғалуға тиіс аймақтар қатарынан орын алған.
Визит орталықта Қорғалжын қорығы туралы толық мәлімет алуға болады. Мұнда туристерге қорықтың құрылған жылынан бастап, қалыптасуы және құстар мен жануарлардың сан алуан түрлері туралы айтылады. Орталық меңгерушісі Нәзира Зұлханованың сөзінше, жыл сайын мұнда шетелдік туристерді қоса есептегенде барлығы 3-5 мың адам келіп кетеді екен. Биылғы жылдың басынан бері   300 шетелдік және 2,5 мың қазақстандық турист ат басын тіреген.
Қоқиқаз қазір қорықтың басты бренді саналады. Олардың қорегі «артемия салина» деп аталатын құрт. Артемия құрты тұзды көлде болады. Ал, Теңіз көлінің ащылығы әлемдік мұхиттардың тұздылығынан 5-6 есе артық. Жылда мамыр айында осында ұшып келіп, ұя салып, балапандайтын қоқиқаздар салқын түсе жылы жаққа ауады. Қоқиқаздар өте сақ келеді. Қасына бармақ түгілі, маңына жақындау мүмкін емес. Қорғалжын қорығының бетке ұстар мақтанышы болғандықтан, барлық келушілер жақын баруға тырысады. Бұл жолы біз де әдейі барған соң қоқиқазды көзбен көруге тырыстық. Бізбен бірге «ЭКСПО-2017» көрмесіне келіп, осында арнайы соға кеткен германиялық туристер де болды. Жолымыз түсіп, Сандықпайсор және Кіші теңіз көлінің жағасында қоқиқаздарды да көрдік. Осы орайда, шетелдік турис-
тер Қорғалжынның әсем табиғатына тәнті болып, өздерінің келгендері үшін қуанатынын жеткізді біздерге.
– Мен Берлиннен келдім. Бұл жерде бірінші рет болып отырмын.  Жұмыс бабымен «ЭКСПО-2017» көрмесінде технологиялық форум өткізудеміз. Уақытымыз болған соң Қазақстанның әсем табиғаты, оның ішінде Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына барып, қоқиқазды көзбен көруді шештік. Осында келгеніме еш өкінбеймін. Германияда мұндайды көру мүмкін емес. Жол түссе, келешекте тағы келу жоспарда бар, – деді Александр Лоренц есімді турист.
Әлемде қоныс аударатын бұл құстардың 8 жолы бар. Олардың үшеуі осы қорықтағы Теңіз көлін басып өтеді. Жерорта теңізі арқылы ұшатын жол Шығыс-Батыс Африка және Орта Азия-
да Үндістан, Пәкістан, Иран арқылы өтеді. Сол себепті, бір Қорғалжынның 70-ке жуық көлінде миллиондаған құстар мекендейді. Бірақ, қорықтың басты беткеұстары – қоқиқаздар.
– Теңіз көлі қоқиқаздың ұя басатын солтүстіктегі ең соңғы нүктесі болып табылады. Дүниежүзі бойынша бұл құстардың саны аз. Жоғалуға шақ тұрған құстардың Қорғалжын қорығында мекен ететіндігі біз үшін ерекше жауапкершілік жүктейді. Дегенмен, соңғы кездері аталмыш құстың саны біршама артқаны байқалады, – дейді қорықтың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Берік Рысбаев.
Қорғалжын қорығының аумағы ерекше қорғалған. Бұл жерде браконьерлерге жол жоқ. Көлдердегі балық та беталды аулана бермейді. Білместіктен аумаққа кіріп кеткендер болмаса, осы аралықта заңсыз аң-құс атқан адам баласы болмаған. Одан әрі журналистер сапары «Аққу» бағытында, яғни, Шолақ, Біртабаншалқар және Теңіз көлінде жалғасты.
Осылайша баспасөз туры барысында журналистер шетелдік туристердің қызығушылығын арттырып отырған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының тыныс-тіршілігіне қанықты.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар