Степногорск қаласының іргетасының қаланғанына биыл 50 жыл толып отыр.
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі кезеңде заман талабына сай дамудың жаңа деңгейіне көтерілген өнеркәсіпті қаланың торқалы тойы салтанатпен аталып өтті. Салтанатты шара аясында еліміздің ғылымын дамытуға зор үлес қосқан тарихи тұлға – Қаныш Сәтбаевтың еңселі ескерткіші ашылып, ғалымның еңбегіне арналған ғылыми конференция өткізілді. Осы күні бірқатар жаңа өндірістік нысандар ашылып, қала тұрғындары түрлі мерекелік-мәдени шараларды көріп тамашалады.
(Қала мерейтойына арналған толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).
![]()

