Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұстаз біліктілігіне қоса, киімімен де ұнамды болса… - АРҚА АЖАРЫ

Ұстаз біліктілігіне қоса, киімімен де ұнамды болса…

Биылғы оқу жылы қаламыздағы қазақ мектебі үшін ерекше басталғалы жатыр. Біріншіден, мектебімізге жерлесіміз, атақты қаламгер Жайық Бектұровтың есімі берілді. Біз үшін  бұл үлкен мақтаныш. Екіншіден мұғалімдер де, оқушылар да бірыңғай мектеп формасын киіп, алғашқы күнінен ерекше көзге түсті. 

Мектеп формасы бір жағынан, оқушының мектеп өміріндегі ең қызықты кезеңі деп ойлаймын. Себебі, өзіміз мектепте оқығанда бірыңғай ақ фартук кидік. Сол кезде форма кию – біз үшін үлкен міндет және мектептің негізгі ережесі болған еді.
Cын көзбен қарасақ, мектеп формасы оқушыға да, мұғалімге де қажет. Себебі, ұстаздың сырт киімі бала санасына тікелей әсер етеді. Жастарды былай қойып, тіпті, жасы үлкен ұстаздардың өзі бет-бейнесіне сай келмейтін киім кисе, оқушы алдында аса қадірі болмайтыны белгілі. Меніңше, қазіргі мұғалімдер ақпараттық технологияны меңгерген, жан-жақты, жаңашыл болуымен қатар, олардың сыртқы бейнесі де талапқа сай болуы тиіс. Себебі, ұстаз оқу-біліммен бірге, бойындағы бар жиған-тергенін оқушының санасына сіңдіреді. Осы орайда, ұстаздың ұстаз екені сыртқы келбетінен, киген киімінен көрініп тұруы керек. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді халқымыз.
Ұжымға осындай талап қойып, шешім қабылдау – мектеп басшысының еңбегі. Сонымен қатар, ата-аналардың да түсінушілігіне алғыс білдіреміз. Өз заманының ірі тұлғасы Жайық Бектұровтың есімін иеленген мектебіміздің мәртебесі арта берсін. Жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетіп, шәкірттеріміздің биік шыңнан көріне берулеріне тілектеспін.

Анар ӘШКЕНОВА,
Жайық Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі бастауыш сыныптардың оқу ісінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар