Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әйел – үйдің берекесі - АРҚА АЖАРЫ

Әйел – үйдің берекесі

Облыстық «Арқа ажары» газетінің 24 тамыз күнгі санында жарияланған осы басылымның тілшісі Ұлмекен Шаменованың «Ырыс үйірілетін жер» мақаласын оқып, біраз ой түйгендей болдым. Шынымен де, үйдің құт-берекесі әйел адамның қолында. 

Ері жұмыстан келгенде жұбайы оны жылы қабақпен қарсы алып, жұмысына кетерде сәттілік тілеп шығарып салып отырса, отбасында әркез ырыс үйіріледі деп ойлаймын.
Менің де ауылдағы әжем барған сайын мені жанына отырғызып, ақылын айтуға тырысады. Көнекөз қарттарды қазынаға балап өскендігімнен, әжемнің батыра айтқан сөздеріне ашуланбай, керісінше, қуана-қуана көңілге тоқып жүремін.
Ол кісі ер адамды құрметтеуге өте-мөте мән береді. Санамда жатталып қалған дана сөздерін сіздерге де айта отырайын. Ер адамның киімін ешқашан аяқтың астына тастауға болмайды, құты қашып, ісі жүрмей қалады, басынан бағы таяды дейді әжем. Сондай-ақ, үйдің иесі әйел адам деп айтпаңыз, үйдің иесі қашанда отағасы, сол себепті, отағасының үйіне барамын, отағасының үйінде отырмын деу қажет. Тағы бір алтын ақыл, еріңіздің беделін біреудің көзінше ешқашан төмендетпеңіз, керісінше оның әрбір бастамасына қолдау білдіріп, демеу болыңыз.
Кейде неше жерден өзімізді сабырға шақырып, ашуды ақылға жеңдіруге тырысқанымызбен, біздің отбасында да ыдыс-аяқ сылдырлайтын кездер болады. Алайда, жолдасымның да, менің де қайтымымыз тез болғандықтан, реніш айтылған жерінде қалып, бірер минуттардан соң түк болмағандай сөйлесіп жүре береміз. Мен ренжіп жүріп алсам, балаларымның да көңілі тоқ болмайтынын, шаңырағымнан да құт қашатынын білемін. «Әйел қырық шырақты» дейді ғой дана халқымыз, жолдасыңыз қателесіп бара жатса, оны ақылмен, сабырмен ғана жөнге салыңыз. Есіңізде болсын жаман еркекті төрге сүйрейтін де, үйге көрік беріп тұратын да тек қана мейірімді де, ақылды әйел.

Гаухар САДЫҚОВА.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар