Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар үйінде болды - АРҚА АЖАРЫ

Балалар үйінде болды

«Жетім көрсең жебей жүр» дейді қазақ. Облыстық әділет департаменті біраз жылдардан бері Сандықтау балалар үйін қамқорлығына алып, түрлі мерекелерде арнайы барып құттықтап, сый-сыяпат көрсетіп отырады. 

Таяуда департамент қызметкерлері балалар үйінде болып, ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жанашырлық көрсетті.
Балалар үйінің директоры Валентина Крыжановская  тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрмыс жағдайымен таныстырды. Ата-ана мейірімін көрмесе де, мемлекет қамқорлығына алынып, жақсы тәлім-тәрбие алып жатқан балалардың көбі мұғалім болуды армандайды екен. Тіпті, жоғары білім алып, өздері өскен балалар үйіне тәлімгер болып келетіндері де бар. Мұндағы тәрбиешілер мен балалардың арасындағы жылы қатынас сырт көзге бірден көрініп тұрады.
Департаменттің бөлім басшысы Бота Сейфуллина балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алып келген сыйлықтарын табыс етті. Бірде-бір бала сыйлықтан құр қалмады.
Балалар үйінің директоры көңіл бөліп, арнайы келгендері үшін ризашылығын білдіріп, департамент басшысына Алғыс хат табыс етті.

Облыстық әділет департаментінің  баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар