Тілге құрмет – елге құрмет

Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында тілдер фестивалі де өз мәресіне жетті.    

Жиында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова сөз сөйлеп, бірқатар тіл жанашырларына Алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.     
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы да сарабдал саясатының арқасында ынтымағы мен бірлігі жарасқан жүздеген ұлт пен ұлыстың өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүруде. Әрбір ұлттың мәдениеті мен тілін дамытуға, салт-дәстүрін нығайтуға барлық жағдайлар жасалған.  Бүгінгі таңда облысымызда 20-ға таяу тілдерді оқыту орталықтары бар. Жылдан-жылға қазақ тіліне деген сұраныс артып, мемлекеттік тілде білім беретін балабақшалар саны көбейіп келеді. Қазіргі таңда өңіріміздегі жалпы білім беретін орта мектептерде ұлты басқа 734 оқушы қазақ тілінде оқиды.
Салтанатты шарада Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, әдебиетші-ғалым Сәбит Жәмбек, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің поляк тілінің мұғалімі Наталья Крупельницкая, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Наталья Жұмағұловалар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар,  Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры  Нұртас Ахатұлы, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы Динара Дүйсенова, Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тілеукен Ахметбеков және тағы басқалары Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық қоры мен бірқатар басқарма басшыларының Алғыс хаттарымен марапатталды.  Мерекелік іс-шара соңында «Әнім сенсің туған жер» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы жарияланып, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз өнерлерін ортаға салып, көпшілік назарына ұсынды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар