Тіл мерейін асырған

Облыс орталығындағы Достық үйінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай, мерекелік салтанатты шара болып өтті. 

Оны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты  5510 әскери бөлімі мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесі және «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестіктері  ұйымдастырды.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов қатысып, сөз сөйледі.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы да сарабдал саясатының арқасында ынтымағы мен бірлігі жарасқан жүздеген ұлт пен ұлыстың өкілдері бір үйдің баласындай бір шаңырақта тату-тәтті ынтымақ-бірлікте өмір сүріп жатыр. Әр ұлт өкілі өзінің мәдениеті мен тілін дамытуға, салт-дәстүрін нығайтуға құқылы. Біздің басты мақсатымыз сарбаздарымыздың елін, жерін сүюге деген сезімі мен мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту болып табылады, – деді генерал-майор өз сөзінде.
Мәдени шараға еліміздің төрт облысы мен Астана қаласынан барлығы 12 әскери бөлімнен 60-қа жуық әскери қызметкер қатысты. Шара аясында әскери қызметкерлер мен этномәдени бірлестік өкілдері өз өнерлерін ортаға салды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар