Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шырақты сәуле - АРҚА АЖАРЫ

Шырақты сәуле

Көрікті Бурабай өңірінің тыныс–тіршілігін үзбей жазып келе жатқан «Луч» қоғамдық-саяси газетіне биыл 85 жыл толып отыр. 

1932 жылдың 1-ші шілдесінде негізі қаланған аудандық газеттің редакциясына кіргенде әріптестеріміз жылы шыраймен, қуанышты көңіл-күймен қарсы алды. Орыс тілінде шығатын басылымда негізінен өзге ұлт өкілдері жұмыс істесе де, олардың бойларына дархан қазақтың жомарттығы мен қонақжайлылығы сіңіп кеткендей көрінді маған. Газеттің директоры Наталья Авдеюк, ең алдымен, мені редакцияның ұжымымен таныстырып шықты. Жиырмаға жуық шығармашылық және техникалық қызметкер еңбек ететін басылымның редакторы Степан Авдеюкпен кездесу кезінде ол маған өзі жұмыс істеген жылдары қызмет бабында кездескен ауыртпалықтары мен қиындықтан шығудың жолын қалай тапқандығы жайында әңгімелеп берді.
–Ол кезде халықта ақша болмаса да, газетке жазылатын, таралымы да төмен түспейтін. Сонда бір жылға жазылу үшін оқырмандар газеттің ақысын бидаймен, ұнмен берген кездері де болды. Кейін оны диірмендердің басшыларымен және сатушылармен келісіп өткізіп, ақшаға айналдыратынбыз. Қазір айтсаң, оған біреу сенсе, біреу сенбейді. Қызметкерлеріміздің еңбекақысын осылай төлейтінбіз. Кей кездері кештетіп беретінбіз, өйткені, бидай мен ұнды сатудың өзі қиындық тудыратын. Газетте сол кезде жұмыс істеген қызметкерлер сондай қиын кезеңде өздеріне уақытында ақша тауып беріп отырғаныма қайран қалатын. Қазіргі редакторлар бұлай қиналмайды. Мемлекеттен тапсырыс бойынша ақшасы аударылады.  Оның үстіне қазіргі нарық заманында жарнамадан біраз қаржы түсіруге болады. Біздің газетіміздің таралымы бүгінде 8 мыңнан асты. Кей кездері таралымы 9 мыңға дейін жетеді. Облыстық газеттердің таралымына сәйкес келіп отыр. Оларды қарап, бақылап отырамын да, шүкірлік етемін, – дейді.
Аудандық газеттердің ішінде жағдайы жақсы, таралымы көп «Луч» газеті өз күнін өзі көріп жатыр деп ауыз толтырып айтуға болады. Басылымда қоғамдық-саяси материалдар оқырманға тартымды етіп беріледі. Газетті қолыңызға алып қарасаңыз, ішінде Елбасының стратегиялық бағдарламаларынан бастап, халыққа қажетті әлеуметтік-экономикалық мәселелер, құттықтаулар, елге қажетті маңызды жарнамалар, үлкен-кіші бірдей оқитын интернет материалдары, жұлдыз жорамал, телебағдарлама, танымдық мақалалар – бәрі де қамтылып отырады.
Әріптестерімізбен сұхбаттасып, редакция ішін аралай жүріп, көне қолжазбаларға көзім түсті. Газет мұрағатында ең алғашқы шыққан түпнұсқасына дейін сақталған екен. Ұлы Отан соғысына дейінгі және сол уақытта шығарылған басылымдары да осында қызмет еткен сол кездегі журналистерді тебірентпей қоймасы анық. 1932 жылдан бастап тігілген тігінді сол күйінде тұр. Ұжым сол кездегі газет бетінде шыққан мақалаларды іріктеп алып, «Страницы минувшего» айдарымен шығарып тұрады.  
 «Луч» газеті өзінің атына заты сай, оқырмандарының көңілін жағымды жаңалықтарымен нұрландырып, саналарын жақсы істерімен сәулелендіре берсін деген тілекпен біз де қоштастық.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар