Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Замана ағымына бейімделейік, ұмтылайық, үйренейік! - АРҚА АЖАРЫ

Замана ағымына бейімделейік, ұмтылайық, үйренейік!

IT  дегеніміз не? Ақпарат технологиясы (ағылш.  information technology, қысқаша IT) – объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.   Ақпарат технологиясы – ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, ұрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.
 Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым)  – қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

«SMM» менеджер.  Ол немен айналысады?
Өткен жылы  алқалы жиында  облыс әкімінің орынбасары құзырлы орган басшыларына жергілікті жерлерде SMM менеджер штатын ашып, жұмыс істейтін маман алуларын қадап тапсырған еді. Өкініштісі сол, аудандардың бәрінде дерлік мұндай мамандар жоқ екен және ондай маманды табу да оңай емес көрінеді. Қасқалдақтың қанындай қат болып отырған бұл қандай мамандық сонда?
SMM менеджер деген мамандық жаңадан пайда болған және оны оқытатын арнайы оқу орындары да жоқ. Яғни, осы саланы білетін кез келген адам маман бола алады. Оған, тіпті жоғары білімнің де оншалықты қажеті жоқ екен.   SMM менеджер ағылшын тіліндегі  Social Media Marketing деген сөздің бас әріптерінен құралған қысқарған атау. Аты айтып тұрғандай, ол әлеуметтік желілермен жұмыс істейтін маман. SEO және SMO маркетинг дегендерден ерекшелігі, бұл саланың мамандары тікелей сайтпен жұмыс істемейді, олар сыртқы алаңдарда, яғни, әлеуметтік желілерде жұмыс істеп, компанияның немесе өзі  қызмет ететін мекеменің тауарларын, не қызметін сол арқылы жарнамалайды, клиенттер тартады, жақсы имиджін қалыптастырады.
SMM менеджер компанияның немесе мекеменің қызметін жарнамалаумен тікелей айналыспайды, яғни, ол хабарландырулар беріп, клиенттерді тартпайды. Оның міндеті әлеуметтік желілерде отырып, өзі қызмет ететін компания немесе мекеменің жұмыс бағдарына сай мақсатты аудиторияны тарту.  SMM менеджердің басты міндеті әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияға арнап топтар ашып, тартымды мақалалар жазу, теріс пікірлер болса, ушықтырмай дұрыс жауап беріп, өзі қызмет ететін мекеменің атына кір келтірмейтін жағдайлар жасау, мақсатты оқырмандарды мекеме сайтына бағыттап, клиентке айналдыру, бір сөзбен айтқанда мекеме немесе компанияның жақсы атын қалыптастырып, беделін көтеруге, адамдарды көптеп тартуға ықпал жасау. Бұл мамандардың басты міндеті осындай.

 

«SMM» менеджер. КІМ бола алады?
Бүгінде еңбек нарығында үлкен сұраныс туғызып отырған осы мамандықпен кім айналыса алады?
Әлеуметтік желімен  жұмыс істеген тәжірибесі бар, тартымды мақалалар жазып, пікірлерге жауап беріп отыратын кез келген адам SMM менеджер бола алады. Десе де, әлеуметтік желімен жұмыс істеуді ғана білу жеткіліксіз, түрлі сала бойынша мақсатты аудиториямен жұмыс істей білу де қажет және адамдармен дұрыс қарым-қатынаста бола білген жөн.
Яғни, ол әлгі аудиторияның «өз адамы» бола алуы тиіс. Сонымен бірге, техникалық жағынан да білікті, яғни, қазіргі сайт құрылымын тым болмағанда базалық деңгейде білетін, әлеуметтік желілерден топтар ашу, оны жүргізу, аккаунтқа тартымды мақалалар жазу, оны орналастыру, суреттер мен бейнероликтер салу, материалдарға дұрыс талдау жасау сияқты міндеттерді орындай алатын адам болуы шарт.
Бүгінде екінің бірі әлеуметтік желілерге тіркеліп, жай уақыт өткізу немесе қызық үшін түрлі топтарға кіріп, ой-пікірлерін білдіріп, ұнаған мақалаларға лайк басып жатады.
Әлеуметтік желіде сағаттап отыратындар да бар. Егер сіз SMM менеджер болсаңыз жай уақыт өткізбей, пайдалы іспен айналысып, жақсы жалақы да  алар едіңіз.
Қазіргі кезде жеке компанияларды былай қойып, мемлекеттік мекемелер, жергілікті атқарушы билік құрылымдары SMM менеджер штатын ашып, мамандар алуда. Яғни, бұл мамандыққа деген сұраныс жоғары. Әрине, мемлекеттік мекемелерде штатта қызмет ететіндердің жалақысы кесімді болатыны белгілі. Ал, жеке компанияларда істейтін мұндай мамандардың табысы қомақты. Мәселен, Ресейде SMM менеджерлердің жалақы деңгейі 100 мың рубльден жоғары екен. Бұл теңгеге шаққанда 500 мың теңге деген сөз. Тамаша табыс емес пе?.. Егер сіз әлеуметтік желімен жұмыс істеген тәжірибеңіз, мақала жазуға икеміңіз болса, онда SMM менеджер болып бақ сынауыңызға толық мүмкіндігіңіз бар.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар