Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоба талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Жоба талқыланды

Халықаралық стандарттар күні дәстүр бойынша жылда бір ұранмен өтетіні белгілі. Биыл осы кәсіби мерекеге арналған кеңес отырысы «Стандарттар қалаларды ақылды етеді» деген ұранмен өтіп, стандарттау мен сертификаттаудың маңызды мәселелері талқыланды. 

Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаменті мен Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының облыстағы филиалы бірлесіп ұйымдастырған кеңесті облыстық мемлекеттік бақылау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік инспектор Бейбіт Әбілов жүргізді. Отырысқа қаланың бизнес қоғамдастықтарының, облыстық департаменттердің, басқармалардың, кәсіпкерлік палатасының өкілдері, кәсіпорын мен өндіріс орындарының жетекшілері қатысты.   
Қалалар кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші. Осы орайда, кеңес барысында қатысушыларға халықаралық стандарттау, техникалық реттеу жүйесін дамытудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде «Smart City» – «Ақылды қала» жобаларын жүзеге асыру туралы ақпараттар берілді. Аталмыш жоба қалаларға қолжетімді инфрақұрылым, жоғары мобильділік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді кең ауқымды және сапалы қызметтерді ұсынады, сондай-ақ, азаматтар үшін жайлы өмір сүруге жағдай жасайды. Қатысушылар стандарттау және сертификаттау институтының облыстағы филиалының директоры Қайрат Жүнісовтің «Қазақстан Республикасындағы стардарттауды дамыту» тақырыбындағы, «Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығының» бөлім басшысы Айгүл Нұрғалиеваның «Экономика саласындағы стандарттаудың рөлі» жайындағы, «Палата» ЖШС-нің басшысы Жанар Болатованың  «Қоршаған орта айналасының тәжірибесіндегі стандарттардың маңызы» атты баяндамаларын тыңдады.  
Іс-шараның басты мақсаты – адамдардың назарын бірыңғай стандарттарды әзірлеумен байланысты әрекеттердің маңыздылығына аудару мен әлем бойынша ондаған мың мамандардың үлесін ерекшелеу, сонымен бірге, өндірушілердің халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды әзірлеуге белсенді қатысуына ынталандыру.
Шара соңында осы салаға атсалысып, белсенді еңбектеніп жүрген мамандар ұйымдастырушылардың Құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың ішінде  «ЕПК Степногорск» АҚ-ның сапа жөніндегі директоры Анатолий Сафонов, «Гормолзавод» ЖШС-нің директоры Әсен Жақсылықов, «Тыныс» АҚ-ның бас технологы Мерген Махметов, «Астана Платинум» ЖК басшысы Гүлмира Әбдірахмановалар бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар