Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Оқжетпестегі» жеңіс - АРҚА АЖАРЫ

«Оқжетпестегі» жеңіс

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өткен жексенбі күні «Оқжетпес» стадионының жөндеуден кейінгі қайра ашылуына қатысып, жанкүйерлерді «Оқжетпес» командасының құрылғанына 60 жыл толуымен құттықтап, бірқатар ардагер футболшыларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Әкім «Оқжетпес» және «Тараз» командаларының Премьер-Лигадағы ойынын тамашалады. 

Өңір басшысы өз сөзінде Көкшетауға үлкен футболдың келуімен құттықтап, биылғы жылдың футбол маусымында  клубтың барлық ойындары сырт алаңда өткізілгенін, бұл жағдай «Оқжетпес» командасы мен оның жанкүйерлері үшін қиын соққанын атап өтті.
– Бүгін команда қарсыластарын өз алаңында қабылдайды. Бұл бәріміз үшін үлкен қуаныш. Стадионға алматылық демеушілердің көмегімен астаналық білікті мамандар жөндеу жүргізді. Бұл жұмысқа бюджеттің қаржысы жұмсалған жоқ. Стадион халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндіктен, мұнда әртүрлі деңгейдегі ойындарды өткізуге болады. Алаңда жалғыз «Оқжетпес» командасы ғана емес, қыздар мен балалардың футбол командалары да ойнайтын болады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, облысымызда көптеген спорт кешендері салынуда. Биылғы жылы Көкшетау қаласында жасанды жамылғы төселген футбол алаңы бар «Жастар» стадио-ны, өңірлерде футбол алаңдары пайдалануға берілді. Алдағы уақытта Сандықтау ауданында спорттық сауықтыру кешені ашылады. Биыл бұрынғы «Торпедо» футбол командасының құрылғанына 60 жыл толып отыр. Бұдан жарты ғасыр бұрын бұл команда республикалық біріншілікте чемпион атанған болатын, – деп атап көрсеткен облыс басшысы Хайролла Қамбаров, Виктор Павленко, Николай Оберемко сияқты бірқатар футбол ардагерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етті.
Бұдан соң «Оқжетпес» пен «Тараз» командаларының ойыншылары алаңға шығып, Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі мен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі өнерпаздарының хоры Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқады. Облыс әкімі бірінші болып доп тебу рәсімін орындағаннан кейін матч басталып, оқжетпестіктер бірден қарсыластар қақпасына лап қойды. Нәтижесінде Максим Фединнің тепкен добын тараздық қақпашы ұстай алмады. Ойын сөйтіп қыза түсті. Матч барысында «Тараз» легионерлері ойын тәртібін жиі бұзғанын атап өткен жөн. «Оқжетпес»
ойыншылары қарсыластар қақпасына бірнеше мәрте қауіп төндіргенімен, одан ештеңе шыға қоймады. Осындай бір қарбаласта оқжетпестік Талғат Адырбеков ойын тәртібін бұзып, он бір метрлік айып добын орындаған Малик Мана есепті теңестірді.
Бұдан соң да ойын алма-кезек шабуыл-мен өрбіп, Ренат Абдулиннің тепкен добы қарсыластар қақпасынан табылып, «Оқжетпесті» алға шығарды. Матчтың екінші жартысында екі команда да жақсы ойын өрнегін көрсете алмады. Тараздықтар таразы басын теңестіруге қанша тырысқанымен, таблодағы сол  2:1 есебі өзгермеді.
«Оқжетпес» клубы осыдан кейін маңызды үш ұпайға ие болғанымен, бұрынғысынша жағдайлары өте ауыр. Турнир кестесінің ең соңында тұрған оларды осы «Тараз» командасымен екі ұпай бөліп тұр. Бірақ, біріншіліктің қалған ойындарын негізінен, өз алаңында өткізетін «Тараздың» жоғары топта қалу мүмкіндігі мол. Ал, оқжетпестіктер биыл Премьер-Лигамен хош айтысатын сияқты…

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар