Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тариф азық-түлік өніміне әсер етеді - АРҚА АЖАРЫ

Тариф азық-түлік өніміне әсер етеді

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында электр энергиясымен қамтамасыз ететін ұйымдардың тәулік зоналары мезгілі бойынша электр энергиясы тарифін дифференцияландыруды алып тастауына байланысты кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. 

Отырысқа электр энергиясымен қамтамасыз ететін ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдері мен палата мамандары қатысты. Отырыста сөз сөйлеген өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Валентина Геращенконың айтуына қарағанда, палатаға «Көкше нан», «Көкшетау нан зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Пьянков С.Д.» жеке кәсіпкер тәрізді жергілікті кәсіпкерлерден дифференциалды тарифтің алып тастауына қатысты шағымдары түскен. Кәсіпкерлер энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың мұндай қадамы шағын және орта бизнестің дамуына кері әсерін тигізіп қана қоймай, әлеуметтік маңызы зор азық-түлік бағасының өсуіне әкеліп соқтыратынын айтуда.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр тұтыну нормалары бойынша дифференциалды тарифтерді енгізуге келісім берген болатын. Бұл тарифтердің енгізілуі электр энергиясын тиімді пайдалануға бағытталған. Оған қоса, электр энергиясын тәуліктік қолдануын реттейді деп жоспарланған болатын.
–Түнгі уақытта электр энергиясына жүктеме аз. Сол себепті, бұл уақытта тарифтің төмен болуы кәсіпкерлерге электр энергиясы мен ақшасын үнемдеуге тиімді, – деп түсіндірді Валентина Геращенко.
Алайда, ағымдағы жылдың 11 шілдесінде елімізде «электр энергетикасы» мәселелері бойынша заң актілеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тәулік зоналары бойынша дифференциалды тариф алынып тасталған еді.
–Біз осыған дейін зауытта қолданылған электр энергиясы үшін  974 мың теңге төлеп келсек, енді жаңа тарифпен 1,6 миллион теңге төлеп отырмыз. Бұл әрине, бізге ауыр тиеді. Сондықтан, өнім бағасын өсіруге тура келеді, – деді «Көкше нан» серіктестігінің директоры Сайран Бөкпаев.
Отырыста шағын және орта
бизнес өкілдерінің пікірлерін тыңдай келе палата мамандары алдағы уақытта кәсіпкерлерге электр энергиясын қолданғанда түнгі немесе күндізгі сияқты альтернативті таңдау жасаудың жолдарын қарастыру жөнінде Үкіметке ұсыныс жолдайтындықтарын айтып
сендірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар