Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмол – дәулетті өңір - АРҚА АЖАРЫ

Ақмол – дәулетті өңір

Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеев өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен өткізген брифингте биылғы жылы өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласының дами түскендігін атап көрсетті.

Аудан басшысы өз сөзінде биылғы жылдың 9 айында жалпы өнім 30,4 пайызға өсіп, 38 миллиард теңгені құрағанын атап өтті. Сондай-ақ, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 47,8 пайызға, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 17,8 пайызға өскен. 134,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан экономикасына 23 миллиард теңге инвестиция тартылған. Барлық сала бойынша экономикалық өсім мен әлеуметтік саясат орташа айлық еңбекақының 15 пайыз өсуіне ықпал етті. Тиімді жұмыспен қамтуды ұлғайту есебінен жұмыссыздар саны 24 пайызға қысқарды. Аудан әкімінің айтуынша, тоғыз айдың қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18 миллиард 220 миллион теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5,9 миллиард теңгеге өскен. – Тұрақты негізде инновациялық жолмен өнім шығаруға бағытталған жаңа жобаларды енгізіп, жүзеге асыру мәселелері қаралуда. Қосшы селосында электрондық цех ашылды. Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін 5 жобаға өтінім берілді. Ауданда шағын және орта бизнестің 2,5 мың субъектісі тіркелген. Бұл өткен жылғы деңгейден 10,4 пайыз артық. Осы салада жұмыс істейтіндердің саны 12,5 пайызға көбейіп, 6,8 мың адамды құрады. Кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі экономикалық белсенді тұрғындар санының 18 пайызын құрайды. Жыл сайын сауда саласы белсенді дамуда. Биылғы жылдың тоғыз айында бөлшекті сауда көлемі 1,5 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегі деңгейден 560 миллион теңгеге артық. Сондай-ақ, көтерме тауар айналымының көлемі 778 миллион теңгені құрады.
Өңірлік өнім көлемінің 52 пайызы аграрлық сектор үлесіне тиесілі. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 19 миллиард 823 миллион теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен әжептәуір көп. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 182 мың тонна астық жинады. Гектарынан орта есеппен 8 центнерден өнім алынды. Ірі қара мал басы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,4 пайызға, қой-ешкі 3,6 пайызға, жылқы 9,6 пайызға және құс саны 45,8 пайызға көбейді. Сондай-ақ, сүт өндірісі 10,8 пайызға, ет өндіру 40 пайызға артты. Өңдеуші кәсіпорындар 5 миллиард 180 миллион теңгенің өнімін өндірді,– деді аудан басшысы. Биылғы жылдың тоғыз айында ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласына 23 миллиард теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталдағы инвестицияны қаржыландырудың негізгі көздері кәсіпорын мен мемлекеттік бюджеттің қаржысы және банк несиесі.
Одан әрі аудан әкімі бюджет қаржысының басым бағыты құрылыс пен инфрақұрылымдық жобаларды қалпына келтіру, тұрғын үй құрылысы мен жолдарды жөндеу болып қала беретінін айтып өтті. Есептік кезеңде құрылыс жұмысының көлемі 7,7 миллиардтан астам теңгені құрады. 134,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы деңгейден 30,7 па-йыз жоғары. Жекеменшік тұрғын үй құрылысы есебінен 108,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Қосшы мен Ақмол селоларында көпқабатты тұрғын үйдің, Максимовка, Қаражар ауылдарында мектептің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, бірқатар ауылдарда салынатын мектеп пен балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда.
Қосшы селосының сумен қамтамасыз ететін жүйесін толық қамту мақсатында 2016 жылы Нижнероманов су көзінен су алатын нысандардың құрылысы басталды. 96 разъезд, Қабанбай батыр, Қызылжар, Р.Қошқарбаев, Мәншүк, Тайтөбе
ауылдарында ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілуде. Он елді мекеннің сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Бүгінгі таңда Малотимофеевка, Қаражар, Қабанбай батыр, Софиевка, Қызылсуат, Қажымұқан
ауылдарын электр қуатымен қамтамасыз ететін жүйенің құрылысы жүргізілуде. Талапкер, Қараөткел, Қосшы елді мекендеріндегі электр қуатымен қамтамасыз ететін жүйенің құрылысы аяқталуға жақын. Ақмол ауылында жол құрылысы жүргізілуде. Талапкер ауылында көше жолдары жүйесінің құрылысы басталды. Родина, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат, Тайтөбе, Софиевка, Максимовка және Шұбар ауылдарының көше жолдарын  жөндеу жұмысы аяқталды. Ақмол ауылында әкімшілік ғимарат құрылысының, денсаулық сақтау саласы бойынша он нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ақмол мен Қосшы ауылдарындағы 45 пәтерлік тұрғын үй мен оның инженерлік жүйесінің құрылысы және абаттандыру қарастырылған. Мемлекеттік жекеменшік-серіктестігі шеңберінде Ақмол ауылында 280 орындық балабақша салынуда. «Туған жер» бағдарламасы бойынша Бірлік ауылының бастауыш мектебі жөнделді.
Сондай-ақ, Қосшы мен Отаутүскен ауылдарында 200 орындық бастауыш мектептердің құрылысы жүргізілуде. «Родина» агрофирмасы» серіктестігі Родина селосындағы дәрігерлік
амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізіп, күндізгі аурухана салып берді. Ақмол ауылындағы орта мектептің аумағына корт, спорттық жаттығулар, балалар алаңы салынып, спорттық жабдықтар сатып алынды. Мәншүк ауылында футбол мен баскетбол алаңдары салынды. Ауданда үштен алты жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәлім-тәрбиемен толық қамтылған. Қосшы, Қоянды, Талапкер ауылдарында балабақшалар ашылған. Аудан басшысы өз сөзінде аудан Астана қаласының азық-түлік белдеуі аймағына кіретінін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін Астанада сататынын атап өтті.
– Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі және шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. «Астана өнім» акционерлік қоғамы мен «Родина», «Асыл тұқым», «Максимовка сүт зауыты» серіктестіктерінде сүт өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Сондай-ақ, бес ірі қара мал бордақылау алаңы, жылқы семіртетін бес ірі алаң және отыздан астам шағын отбасылық мал бордақылау алаңы астаналықтарды етпен қамтамасыз етеді. Өңірдегі асыл тұқымды ешкі фермасы 60 тонна сүт өндіріп, Астана қаласының рыногында сатты. Ауданда ет және сүт өндірісі көлемін ұлғайту бойынша жаңа тауарлы сүт фермасын және отбасылық шағын шаруашылықтарды тарту арқылы мал бордақылау алаңын құру жұмысы жалғасуда. Биыл жиырмадан астам ауыл шаруашылығы кооперативі ашылды. Өңірдің одан әрі дамуы мақсатында кооперативтер одағы құрылды.
Солардың ең ірісі – «Фермер өнімі» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Құрамында 20 фермер бар кооператив ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, сатуға мамандандырылуда. Бұл шаруашылықтарда ет, сүт, көкөніс, нан-тоқаш өнімдері, жұмыртқа және өзге де өнімдер өндіріледі. Бүгінгі таңда кооператив өнімдерін интернет-дүкен арқылы Астана қаласында сатады. Қосшы ауылдық округінде «Алтын Таға» көп бағыттағы базар жұмыс істейді. Мұнда барлық малдың түрі үшін сою алдындағы база, мал сою цехы бар. Өнім де шығарылады. Өңірде он бір мал сою алаңы, тұрғындардан сүт сатып алатын шағын сүт зауыттары, картоп пен көкөніс өсіретін шаруашылықтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауданда ет пен сүт өңдеу, жұмыртқа өндіру жақсы жолға қойылған, – деп сөзін қорытындылаған аудан әкімі журналистер қойған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар