Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды мәселелер сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды мәселелер сөз болды

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде биылғы жылдың күзгі дала жұмыстарының қорытындысы, жастар саясатының жүзеге асырылуы және діни ахуал мәселелері қаралды.

Ең әуелі облыс әкімі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиевтің Сенат депутаттығы өкілеттілігі аяқталғаннан кейін, облысқа қайтып оралғандығын, «Ақмола-Тіршілік» серіктестігінің директоры болып тағайындалғандығын айтып, туған күнімен құттықтады.
Өткен жексенбі күні жекелеген аудандарда, атап айтқанда, Аршалы мен Зерендіде өткізілген жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысы бойынша облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов хабарлама жасады.
Ақмолалық диқандар үшін биылғы жыл табысты болды. 4 миллион 750,4 мың гектар дәнді дақылдар алқабынан мол өнім жиналды. Егіншілік мәдениеті жақсарып, өнім молая түсті. Мысалы, биыл әр гектардың түсімі 11,8 центнерден айналып, барлығы 5,1 миллион тонна астық жиналды. 257,2 мың гектар майлы дақылдар алқабынан 169,4 мың тонна өнім алынды. 308,7 мың тонна картоп, 56,6 мың тонна көкөніс жиналды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан хабарлама жасады.
Биылғы жылы 4 миллион 557 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жасалды. Өсімдікті қорғау шараларына республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 36,9 мың гектар алқап өңделді. Жалпы алғанда, облыс бойынша өсімдіктің барлық түрлері зиянкестерден толық қорғалды деуге болады. Пар өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын дайындау мәселелері жылдағыдан ширақ жүргізілді. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 75,9 мың тонна дизель отыны, 4,7 мың тонна дизель майы, 6,9 мың тонна жанармай қажет болса, осы мөлшердегі барлық белгіленген жанар-жағармай толық алынды.
Астық дайындау пункттерін уақытында дайындаудың нәтижесінде биылғы орақтың өнімдерін қабылдауда бөгесін болған жоқ. Астық жақсы өңдеуден өткізілді. Сонымен бірге, облыстың агроөнеркәсіп кешені бойынша 1 миллион 126,3 мың тонна мал азығы дайындалды. 133,4 мың тонна сүрлем, 137,2 мың тонна пішендеме әзірленді. Бұл мал қыстатуды ойдағыдай өткізуге толық мүмкіндік береді.
2017 жылы егіншілік шаруашылығын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен субсидия ретінде 10,7 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі уақытта облыста сабан тасымалдау, келесі жылдың егісі үшін қажетті тұқым қорын өңдеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысында жастар саясатын жүзеге асыру туралы жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Р.Ф.Галлямовтың есебі тыңдалды. Қазіргі уақытта облыста 162700 жастар бар. Облыстық бюджеттен жастар саясатын жүргізу үшін қажетті қаржы бөлініп келеді. Биыл 297 миллион теңге бөлініп отыр. Қазіргі уақытта жастар ісімен 124 адам айналысады. Ақкөл, Зеренді аудандарында жастармен жұмыс жүргізу жақсы жолға қойылған.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – жастарды жұмыспен қамтамасыз етуде мақсатты істер атқарылуда. Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2 пайызды құрады. Бұл республикалық деңгейден 0,6 пайыз төмен екендігін айтқан ләзім.
Ақмолалық жастардың қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері жақсарып келеді. Олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай белгіленген шараларды жүзеге асыруға белсенділікпен қатысуда. Сонымен бірге, жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, жат діни ағымдардың ықпалына түспеуді қамтамасыз ету жұмыстары жан-жақты терең ойластырылып жүргізіліп жатыр.
Әкімдік кеңесінде есеп берген облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Б.Н.Қасенов өз сөзінде биылғы жылдың 30 қазанына дейін облыс бойынша 221 тіркелген діни бірлестіктер бар екенін атап өтті. Бұлардың 123-і ислам, 43-і православие, 11-і католик, 43-і протестант, дәстүрлі емес 1 «Бахай» бірлестігі тіркелген. Сонымен бірге, мемлекеттік тіркеуден бас тартып жүрген 10 баптистер қауымы бар. Қазіргі уақытта облыс аумағында 46 миссионерлер жүр. Әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғанындай, облыс бойынша діни ахуал тұрақты болып саналады. Мемлекеттік конфессияаралық қарым-қатынасты түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Қазір құрамында 242 адамы бар 23 ақпараттық насихат топтары кешенді жұмыстар атқаруда. Бұл жұмыстарға белгілі теологтар, мамандар тартылған.
Аппарат кеңесінің соңында облыс әкімі М.К.Мырзалин астық тапсыруды одан әрі жақсарту қажеттігіне назар аударды. Бұл үшін астық тасымалына қажетті теміржол вагондарымен қамтамасыз етуге нақтылы тапсырма берді.
Жастар саясатында ешқандай олқылықтар орын алмауы керек, – деді облыс әкімі. – Жас-
тармен жұмыс істеуге барлық жергілікті әкімдер көңіл бөліп отыруға тиісті. Сонымен бірге, облыс басшысы діни ахуалды ұдайы бақылауда ұстау маңызды мәселенің бірі екенін атап көрсетті. Діни жат ағымның ықпалында жүрген жастармен ұдайы жұмыстар жүргізіп, олардың дұрыс бағытқа түсуіне қамқорлық жасау керек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар