Кеңесші тағайындалды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин кеше өткен аппарат мәжілісінде өзінің туризм істері жөніндегі жаңа тағайындалған кеңесшісі Марат Иғалиевті таныстырды. Облыс әкімі өңірімізде туризмді дамытудың мол мүмкіндіктері бар екенін айта келе, бұл бағытта көп шаруалар атқару қажеттігін, қызмет көрсету сапасын арттырып, инвесторлар тарту, демалу, көңіл көтеру қызметін жақсарту істерін қолға алу сияқты келелі міндеттерді жүзеге асыру керектігін атап өтті.

Марат Несіпқалиұлы Иғалиев 1974 жылдың 31 тамызында туған. 1995 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бо-
йынша, 1999 жылы ҚР Президенті мемлекеттік қызмет академиясын үздік бітіреді. 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын тәмамдап, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқиды. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 1999 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі талдау орталығының сарапшысы болып еңбек еткен ол 2001 жылдан бастап банк саласында басшылық қызметтер атқарды. 2003 жылы Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, кейінірек «Атамекен» жалпыұлттық кәсіпкерлер одағының баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инс-
пекторы қызметтерін атқарды. Одан кейінгі жылдарда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі жауапты қызметтер істеді. 2013 жылдың тамызынан ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустрия-сы комитетінің төрағасы, содан кейін «Қазконтент» басқармасы төрағасының орынбасары болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар