Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыссыздық пен қылмысқа жол берілмейді - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыссыздық пен қылмысқа жол берілмейді

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының өңірде жүзеге асырылуы, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының барысы талқыланып, нақты міндеттер белгіленді.

Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері, мекемелер мен басқармалардың басшылары, ұлттық компаниялар филиалдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мәжілісте күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың баяндамасы тыңдалды.
Басқарма басшысы өз сөзінде Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес қолға алынған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру үшін 4979,7 миллион теңге қаржы бөлінгенін атап өтті. Үш бағыт бойынша бөлінген қаржының 3556,5 миллион теңгесі игерілген. Бағдарлама аясында облыс бойынша барлығы 16727 адам жұмысқа орналасса, оның 74,7 пайызы тұрақты жұмыс орны. Елбасы Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында адамдарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтар бойынша оқыту міндеті қойылғаны мәлім. Бұл ретте бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 1190 адам 18 техникалық және кәсіби оқыту орнында 26 мамандық бо-йынша білім алып жатыр. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімі бар кадр-ларды даярлау бойынша 293 мобильдік топ құрылып отыр. Сонымен қатар, жұмысшы кадрларға еңбек нарығында сұранысқа ие 57 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік білім беретін 25 колледж және 7 оқу орталығы анықталды. Жыл басынан бері еңбек нарығындағы сұранысқа ие түрлі мамандықтар бойынша 4759 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды.
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында несие беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қарастырылған. Елбасы биылғы Жолдауында шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану, сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керектігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағыт бойынша бөлінген 2805,2 миллион теңге қаржының 73,3 пайызы игерілген. Оның ішінде облыс бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 407 адамға 1,8 миллиард теңге көлемінде несие берілді. Бұған қоса, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 938 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, қазіргі таңда оқыту кестесіне сәйкес бес ауданда алты топ бойынша (Зеренді, Атбасар, Ерейментау, Шортанды және Бұланды) пилоттық режимде оқытудың екінші кезеңі басталды.
Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қарастырылуда. Атап айтқанда, мақсатты топқа жататын адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына, ал, жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді алғашқы тәжірибе жинақтау мақсатында жастар тәжірибесіне жолдау және жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту шаралары жүзеге асырылуда. Мысалы, 495 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланса, ол қазірдің өзінде 619 адам болып орындалды. Сол секілді 652 жас маман жастар тәжірибесіне жолданды. Сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарға 2408 адамды жіберу жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 2705 адам тартылды. Есепті баяндамада айтылғандай жаңа бағдарламаны жүзеге асыру барысында жыл соңына қарай жалпы жұмыссыздық деңгейі біршама азаятынына толық негіз бар.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жарыссөзге шыққан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Жақсылықов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан, сондай-ақ, бұл бағытта баяу жұмыс жүргізіліп жатқан Ақкөл жəне Бурабай аудандарының əкімдері сылбырлықтың себебін түсіндірді.
Мәжілісте күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Серік Баймұқанов баяндап берді. Оның айтуына қарағанда, жергілікті полиция қызметінің қоғамның мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және оның береке-бірлікте тұрақты дамуы секілді негізгі бағыттары айқындалған. Жыл басынан бері облыс бойынша жүргізілген қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының нәтижесінде қылмыстың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайызға кеміген. Мәселен, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 11998 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 10415-ті құрады. Осы орайда, қоғамдық орындарда жасалынатын қылмыстың саны азайғанымен қоғам тыныштығын бұзушылық көбейген. Сондықтан, халық көп шоғырланған елді мекендерде жедел жағдайлардың жай-күйі ескеріле отырып, шулы шағын учаскелерде бірқатар алдын алу іс-шаралары жүзеге асырылуда. Сөз соңында Серік Баймұқанов кейбір кемшін кеткен тұстардың алдағы уақытта назарға алынып, сол бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Осы орайда, мəжілісті қорытындылаған облыс әкімі Мəлік Мырзалин тиісті ведомстволардың басшылары мен
аудан, қала әкімдеріне жыл соңына дейін жоспарланған шараларды толық жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар