Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егінді көп егіп, ерте жинап алады - АРҚА АЖАРЫ

Егінді көп егіп, ерте жинап алады

Аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаевтың өңір тұрғындарымен есеп беру кездесуінде әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетіп, өзекті мәселелерді шешудің жолдары қарастырылды.

 Аудан әкімі есепті баяндамасын  ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерден бастады. Өткен жылы аудан егін орағын облыста бірінші болып аяқтап, қамбаға 600 мың тонна астық құйып алған болатын. Қазір  бұл өнім іске асырылып, осы жылдың егісіне қажетті тұқым қоры құйып алынды. Әсіресе, биылғыдай тұқым тапшылығы туындайтын жылы бұл тұқымды жоғары өнгіштік деңгейге жеткізіп қою  маңызды болып табылады.  Қазір аудан шаруашылықтары осы бағытта жұмыс істеуде. Сонымен бірге, ауданда өңдеу саласын да дамыту басты назарда ұсталуда. Осы орайда, мал өнімін өндіру жақсы жолға қойылғанын атап өтуге болады. Есесіне өнеркәсіп саласының дамуы көздегендей еместігін  жасыра алмаймыз. Сондықтан, бұл бағытта да мақсатты жұмыстар қолға алынып отыр.
Осының бәрі өз кезегінде әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев өз баяндамасында әсіресе, тиісті орындар алдына Державинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының жұмысын жақсартуды міндет етіп қойды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан да әртүрлі  мәселелер көтерілді. Сын-ескертпелер мен өтініш-тілектер түсіністікпен қабыл алынып, оларды шешудің жолдары белгіленетін болды.  Осының бәрі басшылық тарапынан аудандағы әлеуметтік мәселелердің түйінін оңтайлы шешуге деген ұмтылысты көрсетеді. Ең бастысы,  экономикалық даму қарқыны арта түссе, тұрғындардың тұрмыстық жағдайлары да жақсара түсер еді. Аудан әкімі де осының маңызды екенін айтып, биылғы жылы атқарылатын  міндеттерді нақты белгілей түсті.

Сұлтан ДӘУІТОВ,
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар