Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Атамекен» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда - АРҚА АЖАРЫ

«Атамекен» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда

Қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен рухани жаңғыруға байланысты бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Солардың бірі «Атамекен» бағдарламасы болып табылады. Облысымызда бұл жобаны іске асыру тікелей Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясына жүктелген болатын.

«Туған жер» жобасы аясындағы «Атамекен» ішкі бағдарламасының мақсаты қоғам мүшелерін жұмылдыра отырып, жергілікті жерлерде әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады. «Сондықтан да, мемлекет пен бизнес секторы экономикалық мәселелермен қатар, әлеуметтік мәселелерді де шешуде толыққанды әріптестікте болуы тиіс» деп Елбасымыз атап өткендей, осы ынтымақтастықты дамытуда ассамблеяның атқаратын рөлі орасан зор.
Ендігі кезекте «Атамекен» бағдарламасына кеңінен тоқталып өтсек, бұл жоба «Жомарт жүрек» және «Әлеуметтік бастамалар картасы» секілді екі негізгі бағытты қамтиды. Соның біріншісі бизнес құрылымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, еріктілерді ауылдарды көркейтуге атсалысуға шақыру, өз елді мекендерін дамытуға үлес қосып жүрген жомарт азаматтардың есімдерін халыққа паш ету болып табылады. Аталған бағыт бойынша облыс-
та мәліметтер жиынтығы құрылып, оған 900-ден астам меценаттар мен қайырымды жандардың есімдері енгізілді. Соның ішінде тұрақты түрде қайырымдылықпен айналысатын 69 ұжым бар. Ол мәліметтер жиынтығы үнемі жаңартылып және толықтырылып отырады. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп, тоқсан сайын аймақтағы қайырымдылық істердің мониторингін жасайды.
Меценаттықты насихаттау мақсатында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына үміткерлер тізімін құру кезінде біздің облыстан 21 кәсіпкер таңдап алынды. Ал, облыс бойынша барлығы 180 үміткердің тізімі жіберілді. Республикалық іріктеу кезеңінің нәтижесінде бес адам ғаламтор арқылы дауыс жинау құқығына ие болды. Жобаның қорытындысы 1 желтоқсан –
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында жарияланады деп күтілуде.
Ал, «Әлеуметтік бастамалар картасы» атты екінші бағыт қарапайым тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ асу, жергілікті жерлерде қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейді. Бұл да меценаттардың, қоғамдық ұйым өкілдерінің араласуын қажет етеді. Қазіргі таңда әлеуметтік нысандарды салу және қайта жаңартуға байланыс-
ты 56 әлеуметтік бастама бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оның 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағыты бойынша қолға алынуда. 56 жобаның 42-сі үстіміздегі жылы іске асты. Осы орайда айта кетсек, Целиноград ауданының Преображенко ауылында жергілікті кәсіпкерлердің қаражатына елу орынға лайықталған бастауыш мектеп бой көтерді. Сонымен қатар, осы ауданда келесі жылы жалпы құны 1 миллиард 212 миллион теңгеге тағы үш мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Жалпы, облыс бойынша барлығы он мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кабинеттер жаңа технологиялармен жабдықталды.
Ерейментау ауданында төрт, облыс орталығына іргелес Краснояр селосында бір бала бақша қайта жаңартылса, Целиноград ауданында және Краснояр селосында келер жылдары осындай тағы екі жаңа нысан салынбақшы. Сондай-ақ, «Атамекен» жобасы аясында алдағы жылы Есіл және Целиноград аудандарында екі мәдени-сауықтыру кешені бой көтереді. Соңғысында белгілі кәсіпкер Иван Сауэрдің бастамасымен дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Жомарт азаматтардың көмегімен облыста атқарылған игі істерді мысалға келтіруге болады. Елді мекендерде жолдар жөнделіп, бірқатар үйлерге газ құбырлары тартылды. Осы секілді басқа да жобалар 2018-2019 жылдарға жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыруға жекеменшік серіктестердің құйған қаржысы 5,8 миллиард теңгені құрайды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Қайырымды ел – Ақмола» жобасының арқасында мыңнан астам қайырымдылық шарасы өтті. Екі жарым мыңнан астам адамға материалдық көмек көрсетілді. Сөз соңында айтарымыз Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы елдік маңызы бар істерге атсалысуға қашанда әзір. Барлық жерлестерімді алда келе жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтаймын. Көпұлтты еліміз бейбітшілік пен ынтымақ-бірліктің бесігінде тербеле берсін деп тілеймін.

Ирина ПАНАСЮРА,
«Қоғамдық келісім» мекемесінің
қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар