Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«NEKE Sarai’у» – бақыт сәукелесі - АРҚА АЖАРЫ

«NEKE Sarai’у» – бақыт сәукелесі

– Елімізде жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі күні әлеуметтік-өндірістік нысандарды пайдалануға беру дәстүрге айналған. Біздің облысымызда да жаңадан тұрғызылған, заманауи, келісті де келбетті тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар көптеп салынуда. Бүгін өздеріңіз куә болып отырғандай салтанат сарайын ашып отырмыз. Мұнда тек неке қию рәсімі ғана орындалып қоймайды, сонымен қатар, түрлі деңгейдегі мазмұнды шаралар да өткізілетін болады, – деді Мәлік Мырзалин құттықтау сөзінде.

Қос қабатты ғимараттың құрылысын бас мердігер «Ақ сәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған. Ғимарат киіз үй үлгісінде салынған. Сәулеті келіскен, қазіргі заман талабына сай мұндай ғимараттар республиканың бірқатар облыс орталықтарында ғана кездеседі. Бірінші және екінші қабаттар өзара бөлінбейді, яғни, бәрі бір шаңырақ астында.
Ғимараттың жалпы аумағы 1797,1 шаршы метрді құрайды. Нысанның астыңғы бөлігінде кіреберіс зал, киім ілетін орын, азаматтық хал актілерін тіркеу кеңсесі, қонақ бөлме, күйеу жігіт пен қалыңдықты салтанатты рәсімге дайындайтын бөлмелер, қызметшілердің кабинеттері орналасқан. Салтанат залынан бөлек үш холл, касса, фотограф, бухгалтерия бөлмелері бар. Жаңадан еңсе тіктеген Неке қию сарайында азаматтық хал актілерін жазу бөлімі қызметі үшін барлық жағдай қарастырылған.
Нысанның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі қоғамның ұясы – отбасын құрудағы алғашқы қадам некені салтанатты тіркеуден басталатынын атап өтті.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі осы сарайдың табалдырығын алғашқы болып аттаған сегіз жұптың неке қию рәсіміне куә болып, жас отбасыларды қуаныштарымен құттықтады.
Аслан ОСПАНОВ,
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшілері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар