Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндеттер сараланды - АРҚА АЖАРЫ

Міндеттер сараланды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, тұрғын үй, әлеуметтік сала және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, қыс маусымында автомобиль жолдарына күтім жасау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қолға алынған шаралардың барысы талқыланып, осы бағытта нақты міндеттер белгіленді.

Əуелі аймақ басшысы жаңадан тағайындалған Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпанды, Есіл ауданының әкімі Талғат Ерсейітовті, Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановты, Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафинді жəне облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпованы, Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Мұратұлын жиналған жұртшылыққа таныстырып, қызметтеріне сəттілік тіледі.
Бұдан кейін мәжілістің күн тәртібіне сай, алғашқы мәселе бо-
йынша облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде өңірде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыста 178 жоба мен кіші жоба, 91 шара бекітілген. Оның ішінде ағымдағы жылы 76 кіші жоба мен 15 шара жүзеге асырылған.
Жалпы, осы мақсатқа 2017-2022 жылдарға 10,2 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 4 кіші бағдарлама жасалған. Атап айтқанда, «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны». Бұл бағдарламалар жәй қағаз жүзінде жасалып қоймай, нақты қаржы көздерімен және атқарылу мерзімі көрсетіле отырып бекітілген.
Мәселен, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына бес жылға 630,7 миллион теңге қарастырылған. Осы бағдарлама шеңберінде қазіргі күні 23 жоба қолға алынуда. Ал, «Рухани қазына» кіші бағдарламасына 2,3 миллиард теңге қарастырылып, 75 жобаны жүзеге асыру көзделген. «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде 914 меценат, оның ішінде қайырымдылықпен айналысатын 69 ұйым анықталды. Оған қоса жүзеге асырылып жатқан мен жүзеге асырылатын жобаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы да ойдағыдай іске асырылуда.
Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы сараптамалық комиссияның төрағасы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров пен өңірлік үйлестірушісі, «Өрлеу» біліктілікті көтеру орталығы» ационерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Еркін Исімбаев жəне облыстық білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтің пікірлері мен ұсыныстарына да құлақ түрілді.
– Елбасының мақаласында айтылған рухани жаңғыру мәселесіне барша ел болып назар аударудамыз. Аталмыш бағдарлама шеңберінде ұсынылған жобалар ауқымды әрі маңызды, жас ұрпаққа пайдасы мол дүниелер болып отыр. Оның барлығын саналы түрде қарастырдық. Сараптамалық комиссия жобалардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына толық сәйкес келуіне баса көңіл аударды. Осы мақсатта облыс бойынша ұсынылған 50 жобаның ішінде 25 жоба өтсе, 9 жоба толықтыру үшін авторларына жіберілді, ал, 16 жоба кейін қайтарылды, – деді Әбдімүтәліп Әбжаппаров.
Осы орайда, аймақ басшысы аудан жəне қала əкімдері мен кіші бағдарламалардың əкімшілеріне бірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда көзделген индикаторларды орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Мəжілісте 2017 жылы тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Əубəкіровтің есебі тыңдалды. Оның сөзіне қарағанда, 11 айдың ішінде облыс бойынша 411 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 132,9 пайызды құрады. Оған қоса, жыл соңына дейін құрылысы сағыздай созылған Степняк қаласындағы 21 пəтерлі тұрғын үй, Ерейментау қаласындағы 60 пəтерлі тұрғын үй жəне Макинск қаласындағы 18 пəтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген болатын. Жалпы, бүгінгі күнге дейін құрылысы созылып кеткен 16 əлеуметтік нысан іске қосылып,
3 тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасына 25 жоба ұсынылып отыр. Бұл көрсеткіш те былтырғы жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары.
Мəжіліс соңында қыс маусымында автомобиль жолдарының күтімі мен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қолға алынған шаралардың барысы талқыланып, тиісті мекемелердің басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар