Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Санаулы уақыттан кейін біз Жаңа 2018 жылды қарсы алғалы отырмыз. Өтіп бара жатқан жыл біз үшін ерекше оқиғаларға толы табысты жыл болды. Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі құқығына ие болды, әлем назарын аударған Дүниежүзілік қысқы Универсиада мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді.
Өтіп бара жатқан жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жақсы. Аймақта егін орағы науқаны табысты аяқталды, инвестициялық белсенділік жоғарылап, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артты.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1200 жұмыс орны құрылды. Елбасының тапсырмасы аясында 35 ауыл шаруашылығы кооперативі өз жұмысын бастады. Астананың азық-түлік белдеуін дамытудың жаңа бір жолы ретінде «AQMOL» сауда желілері ашылды.
Тұрғын үй құрылысы одан әрі жанданды. Жыл басынан бері 411 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25 пайызға көбірек. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бо-йынша 94 нысан бой көтеріп, күрделі жөндеуден өткізілді. Туристік кластерді дамыту аясында да қомақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірде кең ауқымды істер қолға алынуда.
Келесі жылдағы айтулы оқиғалардың бірі – Астананың 20 жылдығын мерекелеу тәуелсіз Қазақстанның келешекте одан әрі кемелденіп, дами түсуіне жол ашады. Мемлекетіміз үшін маңызы зор мерейлі жылды ақмолалықтар жаңа еңбек жетістіктерімен қарсы алып, еліміз бен облысымыздың әрі қарай дамуына лайықты үлестерін қосады деген сенімдемін.

Қымбатты жерлестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 2018 жыл сіздер үшін толайым табыстар мен жақсы оқиғаларға, игілікті істерге толы болсын. Шын жүректен әр шаңыраққа, әр отбасына береке-бірлік, амандық-саулық, бақ-дәулет тілеймін!

Қадірлі ақмолалықтар!
Баршамыз асыға күтетін Жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды.
Өтіп бара жатқан жыл тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын оқиғаларымен ерекшеленді. 2017 жыл елімізде саяси және экономикалық жаңғырту бағытында ауқымды да іргелі жұмыстармен басталды. Студенттік ойындар тарихында теңдесі жоқ Дүниежүзілік қысқы Универсиада табысты аяқталды, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды,
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі сәтті өтті. Бұл – біздің мемлекетіміздің саяси жолы дұрыс және әлемдік деңгейде беделінің жоғары екенін дәлелдейді.
Бүгінде Елбасы, сананы жаңғыртуға, Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған біздің еліміз үшін маңызды қоғамдық міндеттерді белгілеп отыр. Біз ақмолалықтар бірлесіп, алға қойған мақсаттарымызға табысты қол жеткіземіз деген ойдамын. Оған біздің бірлігіміз бен ұлтаралық келісіміміз кепілдік береді.
Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға бақыт пен береке тілеймін. Бейбіт аспан астында әр күніміз игілікке толы болсын. Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

Құрметті әріптестер, қадірменді ақмолалықтар!
Сіздерді Жаңа 2018 жылдың
басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл – әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создырып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайтын мереке.
Өтіп бара жатқан жыл ішінде өнімді еңбек, ынтымақ, өзімізге деген және келешекке деген сенім, жас әрі жасампаз мемлекетіміздің дамуы мен табысының негізгі жолы екендігіне көз жеткіздік. Осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан экономиканы дамытуда, қоғамды саяси демократияландыруда айтарлықтай зор нәтижеге қол жеткізіп, әлемдік қауымдастықта ашық нарықтық экономикасы бар, динамикалық түрде дамып келе жатқан мемлекет ретінде танылды. Сіздерге амандық, баянды бақыт, толағай табыстар тілейміз. Егемен еліміздің мерейін асырар жолдағы қажырлы еңбектеріңіз жемісті болсын!

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар