Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оқып, білім алу қай жаста да артық болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Оқып, білім алу қай жаста да артық болмайды

Биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет», – деп атап көрсеткен Президентіміздің сарабдал тұжырымына облыс орталығындағы «Ересектерге білім беру» қоғамдық ұйымының өкілдері қызу қолдау білдіруде.

Ересектерге білім беру ісімен осымен бесінші жыл қатарынан айналысып келе жатқан ұйым Елбасының биылғы Жолдауынан кейін жұмыстары тіпті жандана түсетіндігіне сенімді. Осы орайда, біз аталған үкіметтік емес ұйымның жетекшісі, «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Айсұлу Ақышеваға жолығып, әңгімелесіп қайтқан едік.
Ересектерге білім беру тәжірибесі көршілес Ресей Федерациясында XIX ғасырдан бері бар. Сол дәуірден-ақ аталған елде қарияларға тәлім беретін жоғары мектептер ашыла бастаған. Ал, бұл мемлекетке ересектерге білім беру тәжірибесі Дания сынды Скандинавия елдерінен келген екен. Данияда XVII ғасырда ересек адамдар жиналып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, осындай мектептер ашу ісін жолға қойған. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген мемлекеттерінде бар аталған жобаның Қазақстанда бірінші болып біздің өңірімізде қолға алынғанын көбісі біле бермейді.
–Осы бағыттағы жұмысымызды 2011 жылы бастаған болатынбыз. Ересектерге білім беру бүгінгі күні өзекті деп айтып жатқанымызбен, онымен айналысып жатқан мекемелер шыны керек өте аз. Осыдан алты-жеті жыл бұрын «Өрлеу» Ақмола облысы бо-йынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Еркін Исімбаев шетелге іссапарға барған кезінде экономика ғылымдарының докторы, профессор, ЮНЕСКО акциясының ересектерге білім беру бағыты бойынша ұлттық үйлестірушісі Нина Литвинова деген кісімен танысып, сол сапарынан ересектерге білім беретін ұйым ашу идеясымен оралды, – дейді ұйым жетекшісі Айсұлу Ақышева. Содан 2013 жылы институт басшылығының мұрындық болуымен Көкшетауда алғаш рет «Ересектерге білім беру» тақырыбында халықаралық форум өтті. Осы шараға Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан экономика ғылымдарының докторы Нина Литвинова арнайы келіп қатысқан екен.
Мұны кездейсоқтық дейміз бе, әйтеуір біздің кейіпкеріміз Айсұлу Кеңесқызы ересектерге білім беруді қолға алу мәселесімен айналысып жүргенде бірде оның кабинетіне бір зейнеткер қоңырау шалады. Облыс орталығында қарт адамдардың бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасайтын, білімге үйрететін ұйым болса ғой деген тілегін жеткізеді. Телефонның ар жағынан осындай өтінішін білдірген қарияға қоғамдық ұйым жетекшісі Айсұлу Ақышева бұл мәселе жөнінде ойланып көруге уәде береді. Сөйтіп, бір жағынан мұндай тәжірибе әлемнің бірқатар елдерінде бар болғаннан кейін, оның үстіне зейнеткерлер де ұсыныс айтқаннан кейін көп ұзамай біліктілікті арттыру институтының қабырғасында «Парасат» орталығы ашылып, білім беру ісі басталып кетеді.
–Жаңадан ашылған бұл орталыққа қарт адамдар көптеп келе бастады. Алғашында сабақ аптасына бір реттен болып жүрді. Әуелі олардың нені қажет ететіндіктерін, не жайлы білгілері, нені оқығылары келетіндіктерін сұрадық. Бірі қазақ тілін үйренгісі келетінін айтса, енді бірі ағылшын тілін, компьютерді үйренуге тілек білдірді. Осы ұсыныстар негізінде жоспар құрылып, сабақтар өтті, – дейді ұйым жетекшісі. Бір айта кетерлігі, оларға білім беріп жүрген ұстаздар – «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушылары. Осынау өлшеусіз еңбектері үшін зейнеткерлерден бір тиын да алмастан, оларды төртінші жыл қатарынан тегін оқытып келеді. Аптасына екі рет Баян Сүйіндікова, Аят Әубәкіров, Роза Мұқанова есімді педагогтар қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық бойынша дәрістер өткізеді. Сонымен қатар, зейнеткерлерге арт-терапия сабағында Оксана Пранге есімді тәжірибелі оқытушы сурет салғызу арқылы олардың психикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Ұстаз Қайрат Есләмбекұлы сауықтыру гимнастикасын үйретеді. Тағы да ерекше атап өтетін бір жай, мұнда қарт адамдар тек тәжірибелі мұғалімдерден ғана дәріс алмайды, олар бір-бірімен де білгендерімен бөліседі. Мәселен, кейуана Қазиза Қайредденова замандастарына өз қалауымен тоқыма курстарын өткізіп жүр.
Өткен жылы қоғамдық ұйым қарттар айлығы аясында «Ересектерге білім беру» атты тақырыпта бесінші халықаралық форум өткізді. Санкт-Петербург қаласындағы Дат мәдениеті институтының директоры Финн Андерсон да қатысқан екен. Ұйым мүшелері де Ресейде, Кавказ, Ялтада өткен осындай шараларға қатысып келген.
– Президентіміз биылғы Жолдауда адам қай жаста болмасын білімін жетілдіріп отыруы қажеттігін айтқанда қатты қуандым. Демек, баршамыз ересектерге білім беру ісін қолға алуымыз керек, – дейді «Ересектерге білім беру» қоғамдық ұйымының жетекшісі. Келешекте үкіметтік емес ұйым облыс орталығын «Бір-бірін оқытатын қалаға» айналдыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, жоба облыс аумағын да қамтымақшы. Әзірше, Атбасар, Зеренді, Сандықтау аудандарында ұйымның филиалдары жұмыс істейді.

Венера ЕСҚАҚОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар