Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мамандар тапшылығы байқалуда - АРҚА АЖАРЫ

Мамандар тапшылығы байқалуда

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен өткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысында медицина ұйымдарының өткен жылғы жұмыс қорытындылары және 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәселелер талқыланды.

Облыстық балалар ауруханасының мәжіліс залында өткен жиынға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – облысымыздағы медицина ұйымдарының 2017 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының өңірімізде жүзеге асырылу барысы жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова баяндап берді.
Бүгінгі таңда облыста 587 денсаулық сақтау саласының нысандары бар. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде 1815 дәрігер, 6293 медициналық қызметкер жұмыс істейді. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының негізгі отыз көрсеткішінің жиырма алтысы орындалған. Соның ішінде жол көлік оқиғаларының нәтижесінде жарақат алғандардың саны, жасөспірімдердің арасындағы суицид фактілері, нәрестелердің өлімі азаймай отыр.
Облысымызда, әсіресе, Жақсы және Егіндікөл аудандарында медицина мамандарының тапшылығы байқалады. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Жақсы аудандық ауруханасына аудандық әкімдік тарапынан тиісті көңіл бөлінбей, соның салдарынан кадр тапшылығы мәселесі де шешілмей келе жатқандығын тілге тиек етіп, аудандық әкімдіктің жұмысына сын айтты. Аудандық аурухана бірнеше жылдан бері маммолог, онколог дәрігерлерге зәру.
Денсаулықты қалай күтіп, науқас балаға қалай қарау қажеттігі, жүкті әйелдің білуі тиіс ақпараттарды әлеуметтік желілер арқылы таратуға болады. Алқа отырысына қатысқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов медицина мекемелері басшыларының баяндамаларын тыңдай келе, құр сандарды тізіп, жалаң есеп бермей, нақты іске көшу керектігін ескертті. Сондай-ақ, мәжілісте Степногорск қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Данияр
Абайұлының, Жақсы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Людмила Бруй, облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Ермек Мұхамедиевтің баяндамалары тыңдалып, алқа отырысының соңында алдағы міндеттер туралы шешім қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар