Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет халықтың жағдайын ескеріп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет халықтың жағдайын ескеріп отыр

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларының негізгі бағыттары зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді көбейтуді көздейді. Осыған орай, Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы «Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі» де басым міндеттердің бірі болып табылады.

2017 жылы зейнетақы мөлшері 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 20 пайызға көтерілді, ал, ана және бала денсаулығын қорғау жүйесі шеңберінде бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 27 пайызға өсті. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері 8 пайызға өсіп, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері де көтерілді (15274 теңге).
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын қайта қарау нәтижесінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға көтерілді, әрине, бұл мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттырды.
Ал, келесі көбейту 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізіледі және бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруіне байланысты болады. Жаңа тәсілдерге сәйкес, 1998 жылға дейін еңбек өтіліне кіретін зейнетақы жүйесі 1998 жылдан кейін зейнетақы жарналарының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты тағайындалатын болады. Нәтижесінде базалық зейнетақы орташа еңбек өтіліне байланысты 1,8 есеге өседі. Елбасы өз Жолдауында атап өткендей «Қазір зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған. Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады. Осыған орай, барша қазақстандықтар өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға зор мән беруі керек».
Жолдау барысында Елбасы кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу бойынша міндет қойды. Бүгінгі күні мүгедек бала бағып отырған ата-аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы айлық жалақы мөлшерінің 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мүгедек бала 18 жасқа толғанға дейін төленеді (2018 жылы 29699 теңге). Аталған Елбасы тапсырмасы кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек балалары бар отбасылар үшін үлкен қолдау болады.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап біз атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа тәртібіне көштік. Осылайша әр отбасы мүшесінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан кем емес табыстары бар және еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, балаларға арналған әлеуметтік қолдау сақталады, яғни, атаулы әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің еңбекке жарамсыз немесе жарамдылығына қарамастан төленетін болады.
Елбасы «Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейтіледі» деп атап өтті. Сондай-ақ, Жолдаудың аясында әлеуметтік еңбек саласын дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойылды.

Қабдуәли ҚҰЛЫШЕВ,
еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы
бойынша департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар