Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бала тәрбиесіне жауаптымыз - АРҚА АЖАРЫ

Бала тәрбиесіне жауаптымыз

Балабақша ата-аналары жұмыста жүргенде балаларын әкеліп, әкетіп жүретін орын ғана емес, баланың бойына тәрбие мен алғашқы білім нәрін сіңіретін, көпшілік ортаға бейімдейтін тәрбие, білім ошағы.

Осы орайда, біз, яғни тәрбиешілер әркез ата-аналармен тығыз байланыста болуға тырысамыз, оларды бізде өтетін іс-шараларға қатыстырамыз. Ал, жуырда ғана балабақша мен отбасы арасында жақсы қарым-қатынас орнату, өнерлерімен танысу, балаларды жақындарын құрметтеуге тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды
насихаттау мақсатында «Біз өнерлі отбасы» атты фестиваль өткіздік. Оған әр топтан бір-бір қойылым көрсетіліп, ата-аналар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, №8 «Балдырған» тобының бүлдіршіндері мен ата-аналарының дайындығы жоғары деңгейде болғанын ерекше атап өткіміз келеді. Басқа да топтардың көрсеткен өнерлері мақтауға тұрарлықтай болды. Шара соңында әр қатысушы №9 «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Жанар Жүнісованың қолынан мақтау қағаздарымен марапатталды.
Фестиваль барысында бізді бір қуантқаны, қазіргі жас ата-аналар балаларының тәрбиесіне өте қатты көңіл бөледі. Айтқан ұсыныс-тілектерімізді бірден орындап, кез-келген істе белсенділік танытады. «Отан – отбасынан басталады» демекші, бүлдіршіндеріміз ертең үлкен азамат пен азаматшалар болып ер жеткенде еліміздің тірегі, мақтанышы, қорғаны болсын десек, оларға балалық шағынан бастап отбасылық құндылықтарды қастерлеуді үйретуіміз қажет.

Гүлсан ӘЛІБЕКОВА,
Риза НАҒҰМАНОВА,
Көкшетау қаласындағы №9 Қарлығаш балабақшасының тәрбиешілері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар