Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туберкулездің бизнеске қаупі жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Туберкулездің бизнеске қаупі жоқ

Осындай тақырыпта Ақмола облыстық «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында баспасөз конференциясы болып өтті.

Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Қасымжан Тәшметов наурыз айында елімізде туберкулездің бизнеске ықпалы жөнінде, бизнес құрылымдары өкілдеріне сауалнама жүргізу түріндегі жыл сайынғы дүниежүзілік экономикалық форум сауалнамасы өткізілетіндігін мәлімдеді. Оның қорытындысы бойынша халықтың туберкулез жөніндегі сауаттылық деңгейі басты назарда болмақ. Бизнес басшыларының туберкулездің бизнеске ықпал ету қаупінің жоқ екендігін объективті түрде бағалауы еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингінің өсуіне және инвестиция тартудағы өзіндік тартымдылығының артуына септігін тигізеді.
Елімізде соңғы он жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2017 жылы 100 мың халыққа шаққанда 2007 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 52,2 пайызды құрады. Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 6 есеге төмендеді.
– Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017-2018 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес, Қазақстан 2017 жылдың қорытындысына сәйкес «Туберкулездің таралуы» факторы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен салыстырғанда 2 позицияға жақсартты және 138 елдің ішінен 90-орын алды. Қазіргі уақытта Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи әдістері қолданылуда, – дейді Қасымжан Тәшметов. Сондай-ақ, барлық облыстық, қалалық және өңірлік туберкулезге қарсы ұйымдардағы бактериологиялық зертханаларда туберкулезді және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезді екі сағат ішінде тез диагностикалау бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық зертханалық технологиялар енгізілген. Осы ретте, облысымыздың алты ауданына жаңа заманғы аппараттар алынды. Сонымен қатар, Қазақстанда туберкулезді біріккен бақылау стратегиясы жүзеге асырылуда. Яғни, туберкулез микобактерияларын шығармайтын және айналасындағы адамдарға қауіп тудырмайтын пациенттер тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда амбулаториялық ем қабылдайды.
2017 жыл қорытындысы бойынша амбулаториялық жағдайда ем қабылдауды бастаған туберкулезге шалдыққан науқастардың үлес салмағы 25,1 пайызға өсіп, 40,3 пайызды құрады. – Қазақстанда туберкулезді алдын алу, диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізіледі. Тез диагностикалау әдістері мен тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектер арқасында туберкулезді толығымен емдеуге
болады. Туберкулезді еңсеріп, айығып кеткен адамдар оқып, еңбек етіп, дүниеге дені сау сәбилер әкеліп, мәнді де мағыналы өмір сүре алады, – деді Қ.Тәшметов баспасөз мәслихатында.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар