Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының басшысы Әлібек Баймағамбетовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу тапсырылғаны белгілі. Қазіргі уақытта бұл міндет біздің облысымызда да жүзеге асырылуда. Көкшетау қаласында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі аппаратының, облыстық мәслихат аппаратының, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім басқармаларының өкілдері мен жергілікті полиция қызметінің басшылары және селолық округ әкімдері қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жағдайын, ел өмірін жақсарта түсуге септігін тигізетінін атап өтті.
– Біз жергілікті бюджеттердің дербестігін нығайту жөніндегі қадамды барынша дұрыс шешім деп отырмыз. Осыған байланысты өткен жылдары кең ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың басынан бері жүзеге асырыла бастады. Осы бағытта барлық деңгейдегі әкімдердің қаржылық сауаттылығын арттыру үшін арнайы семинарлар өткізілді. Барлық ауылдық әкімдіктердің материалдық-техникалық мүмкіндіктері жақсартылды, интернет желісінің жүйелі жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Оған қоса, мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестациялаудан өтті, – деді Әлібек Баймағамбетов.
Сондай-ақ, ол өткен жылдың 11-ші шілдесінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын айтып, онда жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін 2018 жылдан бастап халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округтер деңгейінде, ал, 2020 жылдан бастап барлық жерде енгізу қолға алынатынын еске салды.

Аслан Оспанов.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар