Үстіміздегі жылдың 1 наурызынан «Көктем-2018» мерзімдік әскери қызметке сарбаздарды шақыру науқаны басталды. Осыған орай, Ақмола облысынан 800-ге жуық ер жігіттер азаматтық борышын өтеуге аттанбақшы. Аталған ауқымды іс-шараның жүзеге асырылуына байланысты Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде науқанды өткізуге дайындық басталды.
Бұл шараның мемлекетімізге стратегиялық маңызы зор екендігін ескеріп, оның жүргізілу тәртібі мен әскерге шақыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатыны айқын.
Қазіргі таңда Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен әскерге шақыру кезінде заңдылықты сақтауды басты назарда ұстау керек екендігін түсіндіру және осыған байланысты тиісті сабақтар мен семинарлар өткізілуде.
Сондай-ақ, әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылушыларға қойылатын талап күшейтілуде. Әскерге шақырылушы әр бозбаланың денсаулығы мен моральдық-психологиялық жағдайына ерекше көңіл бөлінуде және олардың ата-аналарымен жүздесіп, балалардың жай-күйін білуіміз керек. Әскерге шақырылушылардың әскер қатарында Отан алдында азаматтық борышын өтеу ол елімізде Ата Заңымыздың бірден-бір талабы және Қазақстан Республикасының әр азаматына жүктелген міндет екендігі белгілі. Сондықтан, мерзімдік әскери міндеттен заңсыз, яғни, себепсіз жалтару Қазақстан Республикасының заңнамасымен қатаң жазаланатыны туралы және ол үшін 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сөйтіп, түзеу жұмыстарына жұмылдырылады немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылатындары туралы жастарға және олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Еліміздің тыныштығын күзететін ол біздің әскер, ал, әскер қатарында біздің аға-інілеріміздің мемлекет алдында борышын өтеуі халқымыз үшін аса маңызды.
Біржан ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық қорғаныс
істері жөніндегі департаментінің
заң кеңесшісі, лейтенант.