Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Хаклӑ Акмола облаҫӗнче пурӑнакансем! Сире пурне те Наурыз уявӗ ячӗпе ырӑ кӑмӑлпа саламлатӑп. Ырлӑх, сывлӑх, телей, ӑнӑҫу, юрату сире сӗнетӗп. - АРҚА АЖАРЫ

Хаклӑ Акмола облаҫӗнче пурӑнакансем! Сире пурне те Наурыз уявӗ ячӗпе ырӑ кӑмӑлпа саламлатӑп. Ырлӑх, сывлӑх, телей, ӑнӑҫу, юрату сире сӗнетӗп.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін біздің чуваш халқы «нарос-ойахе» деп атаған. Ежелгі заманнан бастау алатын, табиғат пен адамдардың рухани түлеп, жан дүниесінің жаңаруына септігі тиетін бұл мейрамды көптеген ұлттар сан ғасыр бойы тойлап келеді. Күн мен түннің теңелген шағындағы жарқын мерекені хорезмдіктер «наусарджи» деп атаса, армян халқы «навасарди» дейді. Атауы әртүрлі болғанымен, түпкі мәні бір.

Чуваштар түркі этносына жатады. Жалпы саны бір жарым миллионға жуық. Негізі Ресейде тұрғанымен, тағдырдың тәлкегімен төрткүл дүниежүзіне тарыдай шашылған аз ғана ұлттың бір тармағы Ақмола облысын мекендеуде. Чуваш деген сөздің өзі бейбіт, бейбітсүйгіш деген мағына береді.
Наурыз мерекесінің сипаттары біздің жанымызға соншалықты жақын. Аз ұлт болған соң кешегі кеңес заманында рухани тұрғыдан жүдедік те. Бүгінде Ұлт Көшбасшысы, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында қазақ даласын өздерінің туған жері, Отаны санайтын жүздеген ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті тіршілік құрып, мақсат-мұратын бір арнада тоғыстырып, әрі өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетін жаңғыртып, бірлігі бекем ел болуда.
Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін біз өз өнерімізді, мәдениетімізді уақыттың шаң-тозаңынан аршып алып, қайтадан жетілдіре бастадық.
Қазір біздің бірлестігіміз облыста тұрып жатқан чуваштардың басын біріктіріп, ауқымды жұмыс істеуде. Оның ішінде ең бастысы, халықтар арасындағы ұлтаралық қатынас пен достықты нығайту басты мақсаттарымыздың бірі. Облысты мекендеген чуваштар туралы, жоғары оқу орнында оқып жатқан студенттер туралы мәліметтер жинақтаудамыз.
Солтүстіктің сірескен қарын ерітіп, көркем табиғатымызды көгілдір нұрға бөлей келетін Наурыз мерекесі барша ұлттардың ізгі арманын, мақсат-мұратын бір арнада тоғыстырып, шаттыққа іңкәр көңілдер бүр жарады.
Көктемнің осы бір шуақты мерекесі құтты болсын, ағайын!

Елена МАЩИНСКАЯ,
чуваш орталығының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар