Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нидерланды байланысты нығайтуға ынталы - АРҚА АЖАРЫ

Нидерланды байланысты нығайтуға ынталы

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетауға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің елшісі Дирк Ян Коп бастаған нидерландық делегация-ны қабылдап, мәртебелі меймандармен екіжақты ынтымақтастық және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Ақмола облысы мен Нидерланды арасында 2017 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 3,2 миллион АҚШ долларын құраған екен. Қазіргі уақытта біздің облыс бойынша «Қазақалтын» ТКМК» акционерлік қоғамы, «Borovoe Tourism City», «Астана-Карго», «Баз Астық», «Қазақалтын Сервис», «Масальск тау-кен комбинаты», «Отель Арай» серіктестіктері сияқты кәсіпорындар нидерландықтармен тығыз қарым- қатынаста жұмыс істейді.
Бұл жолғы кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен қаралды. Кездесуде облыс әкімі Мәлік Мырзалин Ақмола өңірінде аграрлық, өнеркәсіп және туризм салалары жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
– Ақмола облысы аграрлық-индустриалдық өңір. Мал шаруашылығын дамыту, ет, сүт өнімдерін дайындау, экспорттау бойынша облысқа үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Қазақстандағы астықтың төрттен бірі біздің өңірде өндіріледі. Жыл сайын облыс 32 шет мемлекетке 2 миллион тонна астық экспорттайды. Облыстың өнеркәсіптік әлеуеті де жоғары. Облыс аумағында Щучинск-Бурабай курортты аймағының орналасуы туризмнің дамуына тың серпін беруде, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Сондай-ақ, облыс әкімі аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, Нидерланды сияқты мемлекетпен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екендігін мәлімдеді.
– Осы күні өңірде Нидерланды Корольдігімен бірлескен кәсіпорындар болғанымен сауда байланысын одан әрі нығайтуды қажет етеді. Ақмола облысы өнеркәсіптік және аграрлық облыс болғандықтан, түрлі салалар бойынша екіжақты әріптестікті дамытуға мүмкіндік мол, – деп атап өтті Мәлік Мырзалин.
Өз кезегінде Дирк Ян Коп мырза да өздерін жылы қарсы алған аймақ басшысына алғысын білдіріп, екіжақты әріптестік қатынасты дамытуға әзір екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, сапар барысында Дирк Ян Коп Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болып, оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Аслан Оспанов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар