Ақмола – таланттар мекені

Аршалы аудандық мәдениет үйінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ақмола жұлдыздары» фестивалінің аясында «Арқаның ән дариясы» атты дәстүрлі әншілер байқауы болып өтті.

Тағылымды шараға облыстың барлық аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларынан жиналған 80-ге жуық үздік дәстүрлі әншілер қатысып, бақ сынады. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева бастаған қазылар алқасы анықтады. Байқау дәстүрлі ән дауысының әдемілігімен, ең алдымен, қазақ халқының рухани мәнін білдіретін дәстүрлі қазақ халық әндерінің орындалуымен ерекшеленді.
Еліміздің ең басты байлығы – бірлігіміз бен татулығымыз десек, ұлттар мен ұлыстарды жақындастырып, мәдениет, өнер саласындағы құндылықтарымызды халыққа танытатын байқаудың ел бірлігін дамытуға, мәдениет арқылы халықтарды жақындастыруға, ортақ Отанымызды сүйіп, қадірлеуге насихаттауға тигізер ықпалы аз емес. Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған байқау қатысушылары фольклор мен этнографиялық домбыра, жетіген, қобыз, сазсырнай, шаңқобыз сияқты дәстүрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен халық композиторларының шығармаларын нақышына келтіріп орындады. Жас орындаушылар өнерлерімен еліміздің тарихи байлығына, халық мұрасына жаңа тыныс беріп, қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, көрермендер қошеметіне бөленді.
Сонымен қатар, көрермендер орталық кітапхана қызметкерлері «Атадан қалған ұлттық мұра» тақырыбында ұйымдастырған көрмені аралап көрді. Көрмеге қолөнер шебері Бану Әленова және халық әндерін орындаушы Мұратхан Әуезбековтің қатысқанын айта кеткен жөн. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында Аршалы ауданының энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар