Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік сатып алу заңнамасында өзгерістер бар. Соны білуіміз керек - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік сатып алу заңнамасында өзгерістер бар. Соны білуіміз керек

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №739 бұйрығымен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да өзгерістер енгізілді.

Нұрлан Бекенов,
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік
басқармасының басшысы

Осылайша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 21-тармағы жаңа редакцияда баяндалған: «Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығы мен акциздердi төлеудiң шарттары болуға тиiс». Бұл норманың ескі нұсқасында Кеден одағының кеден заңнамасына сілтеме болды, ол қазір Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден заңнамасының сілтемесіне ауыстырылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 11.12.2016 ж. №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына көптеген өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер қолданыстағы нормативтерді түсіндіреді және толықтырады, сонымен қоса елеулі өзгерістер де бар.
Жоспарлау бөлігіне қосымшалар енгізілді. Ереженің 13-тармағына сәйкес, «Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:
1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған;
2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды».
Бұл дегеніміз, тапсырыс берушіге (мемлекеттік мекемелерден басқа) жоспарға айына бір реттен артық өзгерістер енгізуге болады. Тек камералдық бақылау арқылы тексерілгеннен кейін және жылдық бюджетті өзгерту кезінде ғана барлық тапсырыс берушілерге (барлығы бойынша) жоспарға бір реттен көп өзгеріс енгізуге болады.
Баға ұсыныстарын сұрату әдісі арқылы сатып алуда өзгерістер бар.Техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезінде тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын көрсететін техникалық ерекшелікті жасай алады (егер ол бар болса). Ескі нұсқада техникалық ерекшеліктерде үкіметтік емес стандарттарды да көрсету қарастырылған.
Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуге елеулі өзгерістер енгізілді.
Қағиданың 60-тармағында конкурс комиссиясының төрағасы анықтамасының тұжырымдамасы анықталды. Түзетулерге сәйкес, Қағидада көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшысынан төмен емес лауазымды тұлға немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғалар болып табылады.
Әлеуетті жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес Қағиданың 85-1-тармағы жаңа редакцияда баяндалған: «Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Құрылыс жұмыстары (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) бо-йынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде әлеуетті өнім берушілердің материалдық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжат Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) болып табылады».
Осылайша құрылыс жұмыстарына арналған конкурс өткізу, сондай-ақ, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалық-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған конкурстар өткізу кезінде әлеуетті жеткізушілер белгілі бір материалдық және еңбек ресурстары бар біліктілігін растауға міндетті емес. Осы біліктілік талаптарына сәйкестік тиісті лицензияның болуы арқылы расталады.
Өзгертулер шартты жеңілдіктерді тағайындау тұрғысында да болды. Қағиданың 156-тармағында ұсынылған тауарлардың мемлекеттік емес стандарттарға сәйкестігін ерікті түрде растау туралы құжаттың болуы үшін шартты жеңілдікті тағайындау шарты жоқ. Енді, егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына ерікті түрде сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз
(2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Біліктілік талаптары ретінде жұмыс тәжірибесін құру критерийлерінің өзгеруі елеулі өзгерістер болып табылады. Қағиданың 442-тармағы әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары ретінде конкурстық (аукциондық) құжаттамада сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің нарығында жұмыс тәжірибесінің болуын белгілеу критерийлері өзгертілді.
Егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы 50 000 АЕК (тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінен асатын болса, екі жылға дейін. Егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы 200 000 АЕК (тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінен асатын болса, бес жылға дейін белгіленуі мүмкін. Ескі нұсқасында тиісінше 100 000 және 250 000 АЕК болды.
Ағымдағы жөндеуге арналған конкурс барысында демпингті анықтаудың жаңа нормасы енгізілді. Қағида 174-1-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес әлеуетті өнім берушінің ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстар мен құрылыспен байланысты емес жұмыстарға конкурсқа қатысуға арналған өтінім бағасы конкурсқа бөлінген бағадан қырық пайыздан аса төмен болған жағдайда демпингтік болып танылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды мемлекеттік сатып алу барысында елеулі өзгерістер орын алды.
Қағиданың 233, 234, 237 және 240-тармақтары әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік әлеуметтік келісімшарттарды сатып алу бойынша конкурсқа жіберуге қойылатын талаптарды түсіндіреді.
Осылайша Қағиданың 233-тармағымен әлеуетті жеткізушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау критерийлерін өзгертті:
1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігі;
2) әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсатының Тапсырыс беруші сатып алатын, көрсетілетін қызметтерге сәйкестігі (құрылтай құжаттарына сәйкес);
3) Егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі);
4) әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» болуы туралы мәліметтері;
5) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;
6) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері Қағиданың 233-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес 1 ұпайдан кем болған жағдайда, әлеуетті өнім берушілер, ұпай жинаған жалпы санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Қағиданың 237-тармағы конкурсқа қатысу критерийін төмендетті: техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 8 балдан (ескі нұсқада – 11 балл ) төмен әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Қағиданың 240-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер үшін шартты жеңілдіктер төмендетіледі:
1) «егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 10 балдан 15 балды қоса есептегенде құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;
2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 16-дан 20-ға дейінгі балды құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;
3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 20 балдан жоғары болса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады».
Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуда өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, сараптама комиссиясын құру туралы шешім қабылдайтын тұлға өзгерді. Сонымен, Қағиданың 274-тармағына сәйкес жаңа редакцияда, ондай тұлға болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға болып табылады. Ескірген нұсқада мұндай өкілеттіктердің бірінші басшысы немесе ұйымдастырушы, атқарушы хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін орындайтын басқа лауазымды тұлға ауыстыратын тұлға болған.
Келісімшарттың мерзіміне де қатысты өзгерістер бар.
Ереженің 391-тармағында екінші орынды иемденген өнім берушінің келісімшартқа қол қою шарттары туралы норма анықталып, мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылды: «Егер демпингтік баға қолданылатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізбесе, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады».
Басқаша айтқанда, демпингті ескере отырып, баға белгіленетін конкурстарда шартқа қол қою шарттары келесідей анықталады: егер шартқа қол қойылғаннан кейін конкурс жеңімпазы 10 жұмыс күні ішінде келісімнің орындалуына және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес сомаға (ол бар болса) кепілдік бермеген болса, өнім беруші келісімшарт жасасудан жалтарған деп есептеледі, келісімшартқа қол қойылмаған болып саналады, ал, ұйымдастырушы келісімшарт жобасын екінші орын алған өнім берушіге жібереді.
Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша «Біліктілік туралы ақпарат» өңделді.
5-қосымшаның 3-тармағы мынадай өзеріспен жазылды: «Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген жұмыстарды орындауға қажетті құжаттарды растайтын электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, материалдық ресурстардың бар екені туралы мәліметтерді көрсетеді».
5-қосымшаның 5-тармағы енгізілді: «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәлімет болмаған жағдайда, рұқсаттың (лицензия) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (лицензия) бар екені туралы мәліметтер».
«Біліктілік туралы ақпарат» бөлімінде көрсетілген 6-қосымшадағы қызметтерге тиісті өзгерістер енгізілді.
«Әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық сипаттамаларды бағалау критерийлері» конкурстық құжаттаманың 12-қосымшасы өзгертілді.
19, 20, 21-қосымшаларда анықталды, егер тапсырыс беруші келісімшартта көзделген шарттарда өзіне тиесілі қаражатты өнім берушіге төлемесе, тапсырыс беруші кешіктірілген төлемдер үшін кешіктірілген әрбір күн үшін төленетін соманың 0,1% мөлшерінде айыппұл төлейді. Бұл төлемдер тиісті бюджеттердің ақшасын есепке алу шотындағы ақша қаражатының жетіспеушілігі және (немесе) жеткіліксіздігі жағдайларын қоспағанда, әрдайым жасалады (және – жаңа редакцияда – мемлекеттiк кәсiпорынның есепшоты бойынша мемлекеттiң тиесiлi дауыс беретiн акцияларының елу және одан да көп процентi бар заңды тұлға).
Электрондық актілердің мерзіміне қатысты 22-1, 22-2 және 22-3 қосымшаларына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер енгізілгенге дейін электронды актіні жасау күні өнім берушінің куәлікті дайындаудың белгіленген күні болып табылды, қазіргі уақытта тапсырыс берушінің актіге қол қою күні мен уақыты бекітілген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар