Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іске сәт, Диқан! - АРҚА АЖАРЫ

Іске сәт, Диқан!

2018 жылы Ақмола облысындағы астық жинаудың стратегиясы мен тактикасы

Кенже Абдуллаев,
Шортандыдағы «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігінің бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Дәнді, бұршақты және майлы дақылдар өнімін жинау Қазақстан Республикасының агрокәсіпорындарының қаржылық жағдайын белгілі деңгейде анықтайтын ауыл шаруашылығы өндірісінің жауапты кезеңі.
Ауа райы жағдайын, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің агротехнологиялары мен биологиялық ерекшеліктерін, олардың сорттық құрамын ескере отырып, орақ науқанын нақты ұйымдастыру аз шығындармен оңтайлы және қысқа мерзімде астық жинауға мүмкіндік береді. 2018 жылы Ақмола облысындағы орақ алқабы 4743,8 мың гектарды құрады, соның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4313,5 мың гектар. Оған қоса, жаздық бидай негізгі азық-түлік дақылының алқабы 3697,9 мың гектарды құрайды (дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 85,7 пайызы). Майлы дақылдар алқабы 258,4 мың гектар. Биылғы жылғы көктемгі ауа райының жағдайы егіс науқанын өткізуде бірқатар қарбаластыққа душар етті. Біріншіден, дақылды себуге дейінгі топырақтағы пайдалы ылғалдың төмен қоры, екіншіден, егіс кезіндегі жауын-шашын ылғал қорын айтарлықтай толықтырғанмен, төмен температурада арамшөптердің өсуі мен дақылдардың егіс мерзімін тежеді. Үшіншіден, төмен температура болғандықтан, қалыпты өскіндерді алу бойынша белгілі алаңдаушылық болды. Кеш келген көктемнің жағдайында егіс науқанының мерзімі едәуір созылды. Көптеген шаруашылықтар егіс науқанын іс жүзінде маусымның ортасына қарай аяқтай бастады. Себу мерзімі кеш астық дақылдары алқаптарының түрлі бағалаулары бойынша 20 және 40 пайызды құрайды. Алайда, соңында барлығы ойдағыдай аяқталды. Ылғал жеткілікті, өскіндер жақсы алынды және ластанушылық көбінесе қадағаланып отырды. Астықтың ендігі тағдыры көбінесе ауа райы жағдайына және оны қорғау бойынша шаруашылықтардың жедел шешімдеріне байланысты болды.
Жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы, асбұршақ, жасымық, майлы зығыр, жаздық рапс, күнбағыс, тары, қарақұмық пен жүгері егістіктерінің жалпы алғанда облыстағы жағдайын жақсы деп санауға болады. Сөйтіп, осы санатқа облыс бо-йынша Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Жарқайың, Зеренді тәрізді аудандардағы бидай егістерінің 82 пайызын және Целиноград ауданының барлық 100 пайызын жатқызуға болады. Биыл бидай бітік шықты. Бурабай, Зеренді және Сандықтау аудандарында бидай биіктігі 120-150 сантиметрді құрайды. Аудандар бойынша өнімділіктің түрленуі гектарынан 10-25 центнер деңгейінде күтілуде.
Майлы дақылдардан егістіктердің көп бөлігін зығыр алып жатыр. Бұл егістің 74 пайызы жақсы жағдайға ие. Ал, Астрахан, Бұланды және Қорғалжын аудандарындағы зығыр егістері қанағаттанарлық жағдайда. Рапс егістігінің 86 пайызы жақсы жағдайда. Тек Астрахан және Бұланды аудандарындағы рапс алқаптары біршама нашар болып тұр. Егістік алқаптарының құрылымындағы майлы дақылдардың көбірек үлесі Зеренді ауданында – 61,697 мың гектар және Бурабай ауданында – 43,267 мың гектар. Зығырдың болжамды өнімділігі әртүрлі – Шортанды, Астрахан және Қорғалжын аудандары бойынша гектарынан 4-6 центнер, Бурабай, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандарында гектарынан10-12 центнерге дейін өнім болады деп болжануда.
Облыстағы 54376 гектар рапс егістігінің 86 пайызы жақсы жағдайда. Астрахан мен Бұланды аудандарындағы барлық зығыр егістіктері қанағаттанарлық дәрежеде. Жүгері мен күнбағыс үшін өсімнің бірінші кезеңінде жылу жетіспеді. Алайда, тамыз айындағы ыстық ауа райы, жауын-шашын мен топырақтағы ылғал қоры олардың белсенді өсуіне ықпал етті. Күнбағыс егістігі алқабының көп бөлігі Атбасар мен Есіл аудандарында орналасқан. Өзге аудандарда екі мың гектарға дейін. Іс жүзінде күнбағыстың барлық егістері жақсы жағдайда. Тамыз айының бірінші онкүндігінде гүлденудің соңы мен дәнденудің басында даму фазасына ие болды. Сандықтау, Щучинск, Зеренді аудандарында, Бұланды ауданының солтүстік бөлігі мен Еңбекшілдер ауданының солтүстік-шығыс бөлігінде астық дақылдарының, өзге де дақылдардың да егістіктерінің біршама кешігуі байқалды. Мұнда бірінші кезекте бидайдың орташа кеш сорттар егістерінің алқабын қысқарту және орташа пісіп жетілгіш сорттар үлесін 50-70 пайызға дейін арттыру жөнінде сөз қозғау керек. Сондай-ақ, осы аймақта фосфор тыңайтқыштарын енгізумен тұрақты айналысу керек. Бұл жоғары өніммен қатар, жоғары сапалы дәнді алу кепілі.
Егіс мерзімінің созылғандығынан ылғалдану жағдайы, температуралық фактор мен аудандар бойынша өсімдіктердің дамуының негізгі фазаларының әркелкі басталуы дақылдардың пісіп жетілу мерзімдеріне де ықпал ететіні анық. Тамыздың екінші онкүндігіндегі температураның айтарлықтай төмендеуі мен мол жауын-шашын арамшөп өскен және пісіп жетілуі баяу бөліктердегі орақ үдерісін ғана емес, астық сапасының нашарлауын да елеулі қиындатуы мүмкін. Облыстың солтүстік аудандарында бидайдың пісіп жетілуі де ұзаққа созылады деп болжауға болады. Астық жинау шамамен 2018 жылдың қыркүйек айында өтеді. Егіс кезінде фосфор тыңайтқыштарын
(аммофос) қолданылған немесе фосфорлық қорекпен жақсы қамтылған фондары бар шаруашылықтарда тыңайтылмағандарға қарағанда пісіп жетілу 6-8 күнге жылдамырақ жүреді және егістер қуатты әрі ауруға аз шалдыққан. Орташа пісіп жетілгіш және орташа ерте пісіп жетілгіштер мамыр айының үшінші онкүндігінде себілген. Астықтың жақсы өнімі күтілетін топтарының сорттары бар шаруашылықтар да айтарлықтай ерекшеленді. Биыл 2017 жылы белең алған қоңыр және сабақ тот кеселінің жаздық бидайда ауқымды дамуы байқалмады. Негізгі мәселені септориоз тудырды. Алайда фунгицидтерді дер кезінде қолдану бұл аурудың зияндылығын төмендетуге ықпал етті. Дегенмен, дақылдардың пісіп жетілуі себудің барлық мерзімдерінде мамыр және маусым айларындағы жылуды толық ала алмауына және себу мерзімдерінің кешіктірілуіне қарамастан, күрт артуда. Сондықтан, 15-16 мамырға дейінгі егістер тамыз айының екінші онкүндігінің соңы мен үшінші онкүндігінің басына дейін ораққа дайын болады. 20 мамырдан 25 мамырға дейінгі егістер тамыз айының үшінші онкүндігінің соңында, 25 мамырдан 31 мамыр аралығындағы егістер қыркүйек айының бірінші онкүндігінде ораққа дайын болады.
Тікелей немесе жеке орақ әдістерін таңдау әр жағдайда өсімдіктердің қалыңдығына, пісіп жетілуіне, ластануы мен басқа да факторларға байланысты жеке анықталады. Тікелей және жеке орақ тәсілдерін үйлестіру облыс шаруашылықтары егістіктерінің көп бөлігінде орақтың негізгі әдісі болады. Жеке комбайнмен жинауды тұқым танаптарында, жусан, қалуен және басқа да кеш арамшөптермен ластанған танаптарда қолдану керек. Жауын-шашынның кеш жаууынан жекелеген танаптарда шабан өркен қалыптасады және ластанушылық қаптап кетеді. Осындай жағдайда көпжылдық арамшөптермен ластанған және шабан өркендері бар танаптарда кейін жекелеген орақ салдарынан өнімнің шығынын төмендететін, тікелей комбайнмен жинау үшін десиканттармен өңдеу жүргізген дұрыс. Тауарлық танаптарда бидайдың қамыр тәрізді фазасында – балауыздық пісіп жетілуінің басында немесе майлы, дәнді және бұршақты дақылдар тұқымдарының 30-40 пайызы күрең тартуы кезінде құрамында глифосат бар десикация тиімді. Мәдени дақылдардың десикациясынан басқа егіс алды химиялық өңдеумен (40-50 пайызға дейін) салыстырғанда көпжылдық арамшөп өсімдіктері (85-95 пайызға дейін) аса тиімді жойылады. Десикация қыркүйек айының ортасына дейін жүргізілуі мүмкін. Әрі қарай орташа тәуліктік температура мен өңдеу тиімділігі төмендейді. Танаптарға жүйелі бақылау, ал тамыз айының соңында өнімнің шығынсыз және дер кезінде технологиясын сауатты әрі дұрыс құрастыру үшін олардың ылғалмен қамтылуын анықтау қажет. Сүрлемге жүгеріні жинау мерзімін дұрыс анықтау жоғары сапалы сүрлем өндірісі үшін шешуші жағдай болып табылады. Сүрлемге жүгерінің пісіп жетілуі дәндегі крахмалдың жиналуы аяқталғанда, дәндегі құрғақ заттың құрамы 60 пайыздан астам болғанда, собықтарында 55 пайыздан асқанда, жалпы өсімдік құрамында 28-35 пайыз яғни, балауызданып піскенде жетеді. Жүгері өсімдігінің қалыпты дамуы кезінде собықтарының үлесі 50 пайыздан астамды құрайды. Жүгері үсікке аса сезімтал. Балауызданып пісу фазасында -4Сº дейінгі үсікке төзімді. Үсіген жүгеріні бес күн ішінде жинап алу керек. Себебі, күн жылынғанда өсімдіктер зең
ауруларымен және бактериялармен тез зақымданады, жапырақтары құрғап кетеді, өсімдіктер шіріп сына бастайды, бұл үлкен шығындарға әкеліп соғады. Астықты ору кезінде астықтың болашағы жайлы да ұмытпаған жөн. Сондықтан, сүрі жер егістіктері мен аңыздық фоны бойынша қалыптасқан егін биіктігі кезінде егіннің нақты биіктігіне байланысты кесу биіктігін таңдау ұсынылады.Топырақ ылғалын сақтау үшін сабанды ұсатып, шашу қажет.
Биыл барлық жерде топырақты механикалық өңдеу үшін қолайлы жағдай қалыптасты. Барлық алқаптарда арамшөп өсімдіктерін кесу мақсатында сүрі жерді екі мәрте және одан да көп өңдеу жүргізілді. Сүрі жер егісінің тиімділігін арттыру мақсатында тамыз және қыркүйек айларында өңдеу қажет. Сүрі жерді соңғы, төртінші мәрте өңдеу 25-27 сантиметр терең болуы тиіс. Қыркүйек жаңбыры жауа бастаған жағдайда 3-4 жыл бойы күзгі өңдеу жүргізілмеген танаптарда күзгі сыдыра жыртып қопсытуды немесе 25-27 сантиметр саңылаулауды жүргізу керек. Сондай-ақ, минералды тыңайтқыштарды күзгі енгізу мәселесін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Негізінен бұл азоттық қоректі толықтыруға қатысты. Селитраны сыдыра жырта өңдеу астына немесе өңдеусіз топырақ бетіне енгізеді. Кейінгі өңдеусіз беткейлік енгізу кезінде енгізу мерзімі +10 градустан төмен тәуліктік температураға ауысу кезінде аса кешірек болуы керек. Сондай-ақ, азот тыңайтқыштарын отырғызу тереңдігі 5-10 сантиметр сепкіш-қопсытқыштармен де немесе егістік кешендерімен де күзгі енгізілуі мүмкін. Тура осы әдіспен мөлшерлері ауқымды фосфорлы және күрделі тыңайтқыштардың күзгі енгізілуі мүмкін. Сондықтан, барлық шаруашылықтардағы орақ және орақтан кейінгі жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы ғана жоғары өнімді әрі сапалы дән алудың негізі бола алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар