Search Results for: Рухани жаңғыру

Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды.  Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өтті. – Оның бағыт-бағдарын былтыр наурыз айындағы Жолдауда айқындап алдық.  Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бір жылдың ішінде ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Билік жүйесін жаңа талапқа сай жаңғырту үшін бірнеше саяси науқан өткіздік. Маңызды мәселелерді талқылау үшін Ұлттық құрылтайды құрдық.  Мемлекеттігіміздің тұғырын және ел бірлігін нығайтатын жаңа идеологиялық тұжырымдар ұсындық. Наурыз мейрамын жаңаша атап өте бастадық. Республика күнін қайта жаңғырту тарихи қадам болды, – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шетелдерде де…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі  

Құрметті Отандастар! Ханымдар мен мырзалар! Қадірлі қонақтар! Биыл халқымыз үшін айрықша маңызды жыл болды. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біз түбегейлі бетбұрысқа жол ашқан ауқымды өзгерістер жасадық. Конституциялық реформаны жүзеге асырдық. Мемлекетіміздің ең басты салаларын жан-жақты жаңғырттық. Соның арқасында халықтың болашаққа деген үміті артып, сенімі нығая түсті. Мен аймақтарды аралап, тұрғындармен кездескенде бұған айқын көз жеткіздім. Сондай-ақ өткен референдум тың бастамаларды жұртымыздың жаппай қолдайтынын көрсетті. Халықтың дұрыс бағыттағы өзгеріске ұмтылысы жұмысқа зор серпін берді. Біз реформаларды соңына дейін міндетті түрде жеткізуіміз қажет. Конституцияның жаңа талабына сәйкес бұдан былай Президент жеті жылдық бір мерзімге  ғана сайланады. Осылайша, саясаткерлердің жаңа буыны билік басына келе бастайды. Мен осы шешімнің дұрыс болғанына кәміл сенемін. Конституцияға сәйкес билік тармақтары түгел жаңғыртылады. Осындай жаңа саяси маусымды Президент сайлауы бастап берді. Сайлау науқаны 3 айға жуық…
Read More

Көкшедегі жоғары білімнің қара шаңырағы

Қасиетті де киелі Көкше жеріндегі бүгінде жоғары білімнің қара шаңырағы атанып, алпыстың асқарына шыққан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті замана талабына сай мамандар даярлауда. Тарихқа үңілетін болсақ, Көкшетау педагогикалық институты сонау 1962 жылы 25 шілдеде, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №563 Қаулысы бойынша ашылған. Облыста жаңа кеңшарлар ұйымдастырылыпжатқан кез болатын. Білім ошақтары көбейе түсті, соған орай мұғалімдерге деген сұраныс таөсті. Көкшетауда мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орнының ашылуы өңірдің мәдени және қоғамдық өңіріндегі маңызды оқиға болды. Алғашқы оқу жылы 1962 жылдың 10 қыркүйегінен басталып, үш мамандық бойынша студенттер қабылдады. Аймақта педагог кадрларды даярлаумен қатар, өнеркәсіп пен құрылысқа да мамандар даярлау басталды. Жоғары білім жүйесіндегі жаңғырудыңнәтижесінде 1996 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №143 бұйрығымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты және С.Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты мен Қарағанды политехникалық институты…
Read More

Референдум нәтижесі – әділетті қоғамға ұмтылыстың көрінісі

1995 жылғы 30 тамызда референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы ел мемлекеттілігін нығайтуда үлкен рөл атқарды. Негізгі Заңда халықтың еркін де әділ қоғамда өмір сүруге, бірлікті сақтауға, ата-баба рухына адалдық пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке деген ұмтылысы көрініс тапқан. Біз Қазақстанның бүгінде халықаралық қауымдастықта лайықты орын алып жатқанын орынды мақтан тұтамыз.Конституцияның ел өміріндегі рөлізор, ол адамның мемлекетпен қарым-қатынасын реттейді және оның қоғамдағы орнын анықтайды. Онда құқықтың негізгі қағидаттары, Мемлекеттік органдардың функциялары, олардың қызметінің әдістері мен нысандары бекітілген. Негізгі Заңның басты идеясы Қазақстан қоғамының түрлі қоғамдық-саяси күштерінің келісімі мен ымырасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл Конституцияны саяси тұрақтылықтың маңызды факторы, азаматтық бейбітшіліктің, әлеуметтік және ұлттық келісімнің кепілі етеді. Конституция және онда тұжырымдалған саяси қағидаттар мен құқықтық институттар біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің әлемдік экономика мен саясат жүйесіне және тұтастай алғанда қазіргі өркениеттің әлемдік…
Read More

Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейінгі заңдар тарихы

Қазақтың Ата Заңдары – Дала Конституциясы Қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» аталатын заңдар болды. Қазақ хандығының заңдары «Жарғы» деп аталған, әділдік ұғымын білдіреді, көне қыпшақ тілінде жарлық деген атауда айтылады. XIII-XIV ғасырларда жазылған «Кодекс Куманикус» жазба ескерткішінде жарғы –  айтыс, тартыс, дау, әмір ету, әдет-ғұрып заңдары дейтін ұғымды білдіреді. Яғни, «Жеті Жарғы» жеті жүйеден, жеті тараудан, жеті бунақ-баптан тұратын жарлықтар, билік-кесімдер, жоба-нұсқаулар болса керек».Қазақ хандығының кемелденген тұсы – «Қасқа жолы» Қасым ханның мемлекет басқарған кезеңі. Ол өзінің хандық билігі кезінде саяси дипломатияда, мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатта және әскери соғыс ісінде зор табысқа жеткен ең көрнекті мемлекет қайраткері.Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет-ғұрыптық қағидалар қамтылған: Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері); Қылмыс заңы (ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар);Әскери…
Read More

 Домбыра күні – ұлттың үні

Тарихымызды қос ішегіне сыйдырған ұлы аспапты киелі санап, қастерлеп, төрге іліп қоятын қазақ халқы қосішекті домбырамен әуелетіп ән де, күмбірлетіп күй де шырқаған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде және одан әрі топтастыру мақсатында шілде айының алғашқы жексенбісін «домбыра күні» деп белгілеуі де тегін емес. Оның өзі ұлтымызды ұлықтайтын ұлы аспапқа деген асқан құрметі мен сүйіспеншілігінің белгісі болды. Қалың елдің басынан өткен қуанышты сәт те, қайғылы кезең де домбыра үнімен қабысып, шанағынан күй болып төгілді. Қазақтың көңіл-күйінің тылсым табиғатпен байланысын, көкірегіндегі мұңын дәл осы домбыра мен қобыздан анық естуге болады. Үн арқылы ұғысқан, күй арқылы табысқан көшпелі жұрттың домбыраға деген құрметі, махаббаты ерекше. Ұлттық жаңғыру, ұлттың рухани кодын сақтау сияқты қастерлі сөздердің бір ұшы мәдениетке, оның ішінде ұлттық музыкаға тікелей…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың I отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті қауым! Ардақты ағайын! Баршаңызға Ұлттық құрылтайдың ашылуы құтты болсын дегім келеді. Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты. Референдумның қорытындысы баршаңызға белгілі. Көпшілік Ата заңға өзгерістер енгізу туралы менің бастамамды қолдады. Дауыс беруге қатысқан барша азаматтарға зор алғысымды айтамын. Осылайша, ел дамуының тарихи кезеңі басталды. Конституцияға енгізілген өзгерістермен бірге мемлекеттің саяси жүйесі өзгермек. Елді басқарудың жаңа үлгісі пайда болады. Яғни, біз Екінші Республиканы құруға кірістік. Алайда, кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген…
Read More

Тоқаев өз өкілеттігін референдум арқылы ұзарту туралы: мұндай ниет болған емес, болмайды да

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының сессиясына қатысты. Президент, ең алдымен, ғалымдарды Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығымен құттықтап, мұны еліміз үшін мән-маңызы айрықша оқиға деп атап өтті. Сондай-ақ дамудың бірден-бір жолы ғылым екенін айтып, адамзат баласы жетістіктің бәріне білімнің арқасында жеткеніне тоқталды, деп хабарлады Ақорда сайты. "Қарапайым заттардан бастап, күрделі ой-тұжырымдарға дейін, барлығы да – ғылымның жемісі. Шын мәнінде, ілім-білім арқылы бүкіл жаратылысты терең танып білеміз. Таным көкжиегін кеңейтіп, жаңа белестерге шығамыз. Ғылымның ең басты миссиясы – осы. Ұлы далада өркендеген ғылымның тамыры тым тереңде жатыр. «Адамзаттың екінші ұстазы» – Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы – соның айқын көрінісі", – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев көне заманнан бастау алған ілім жолы ешқашан үзілмегенін, өткен ғасырда қазақ ғылымы ерекше қарқынмен дамығанын еске салды. "Бұл ұйым құрылған кезден бастап қоғамдық дамудың көш басында болды. Қаныш Сәтбаев,…
Read More

Бізді мақсатты түрде жүргізілген діни қудалау да көп тұралатты

Осы күнге дейін зұлмат, саяси құргын-сүргін құрбандарынан кімдер ақталды? Ол үдеріс советтік кезеңде басталып, ең алдымен коммунист-қайраткерлер, қызыл үкіметке жан-тәнімен қызмет еткен ақын-жазушылар ақталды. Ал, ұлтшыл бай-кулак-феодал, діншіл-фанатик деп айып-айдар тағылған, жазықсыз атылып, айдалып кеткен қалың жұртшылықтың ақталу мәселесі үздік-создық жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін өзінің лайықты шешімі мен бағасын алмай келді. Дегенмен, Украинадан кейін осы мәселеге ел Президенті Қ.Тоқаевтың қайта оралып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау міндетін алға қойып, оған тиісті жағдайлардың жасалуы біздің рухани-мәдени, қала берді саяси өміріміздегі ірі оқиға болып отыр. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында орын алған жайларды: жаппай ұжымдастыру, ашаршылық, дін адамдарын қуғындау жағдайларын бір-бірінен ажыратып қарастыру дұрыс болмас еді. Шетелдік Батыс зерттеушілері жаппай ұжымдастыру шарасы жаппай жазалау мен қуғын-сүргінге жол ашқан тиек тетік деп біледі. Олар бір-бірімен тығыз генетикалық байланыста өрбіп отырған тұжырымға бүгінгі күнде ғалымдардың…
Read More

Мүмкіндік

(Президенттің Жолдауы туралы ойлар) Заман – ауыр. Алда не боларын, тайға таңба басқандай, кім айтпақ?! Әркімді заман сүйреп жүр. Қиыны сол, сол заманды кім билемек?! Заманды билей алатын Тұлға бар ма?! Ауыр сауал. «Тұлға» деп кезінде тамсандырғандар, уақыт тезіне шыдамай, санадан шығып қалуда. Бірақ, өмірден мүлдем түңілмей, барға разы болу мұсылмандық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» деген Жолдауын тыңдап, оқып, ой-талқысына салып, тәуба дейсің. Жолдауда келешекке жол ашатын мүмкіндіктер баяндалған. Ол алдымен партия құрылысына қатысты келелі мәселе. Тың, тіптен, батыл шешімдер. Президенттің партиядан тыс болуы арман еді... Орындалды. Американың бір Президенті айтып, одан кейін басқалары қайталаған сөз бар. «Мен, Америка Президентімін және әрбір американдықтың Президентімін деген». Міне, осы биік ойды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев іске асырды. Жолдау мәтінінен:  «Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға…
Read More

Ауылсыз қалсақ, не боламыз?!.

Басқа өңірді қайдам, біздің өңірде қазақ иісі бұрқыған қайран ауылдар жылдан жылға азайып барады. Әуелі орта мектебі тоғыз жылдық болады, сосын бастауышқа айналады, ақыры, бала аздығынан ол да жабылып, ауыл оқушыларын көрші елді мекендерге тасиды. Қуанып емес, көңілдері ортайып, ауылдарының басынан бағы тайғандығын іштері сезіп, езіліп жүріп... Баланың неге аз болатыны белгілі. Жастар жоқ. Жұмыс іздеп қалаға кеткен. Немесе балаларын жақсы мектептерде оқытып, түрлі ойын-сауық орындарына апару, бассейнде жүздіріп, спорт секцияларына беру үшін. Балалары қатарынан қалмай жан-жақты дамып өсуі үшін. Өздері де жұмыстан жалығып, шаршаған кезде шалқып жайлы шайхана, дәмханаларда отырып, сыңғырлаған сауда үйлерін аралап, бақтарда сейілдеп, дем алу үшін. Ондай ой-пиғылы үшін кімді кінәлай аласыз?!. Сол себепті ауыл селдіреп, азайып барады. Ал, рухани құндылықтың, салт-дәстүрдің, қазақы тәрбиенің алтын бесігі сол ауыл емес пе еді? Қазақы мінезді ұрпақ тәрбиелеуде ауылдың…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН:ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы  айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да  бөлек. Біз  алдымызға  биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр  егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда  30 жыл  тым көп уақыт емес. Халқымыз  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді. Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік  қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз  мызғымас бірліктің арқасында  мемлекетімізді қорғап қалдық. Уақтылы және батыл шешім…
Read More

Жеңіс Сейдоллаұлы: «Қазақтың әні мен күйінен ұлттық өнердің бар асылын табасыз»

Биыл Көкшетау қаласы Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай, 12-14 қазан аралығында Елордадан «Қазақконцерт» мемлекеттік гастрольдік-концерттік бірлестігі келіп, көкшелік өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Біз бүгін осы өнер ұжымын бастап келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, композитор, танымал әнші, өнер магистрі, «Қазақконцерттің» директоры Жеңіс Сейдоллаұлымен болған сұхбатты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. – Алдымен, әңгімеңізді «Қазақконцерттің» алғашқы іргетасын қалаған тұлғалардан бастасаңыз? – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы – ұлттың рухани өрісін кеңейтуді мақсат тұтқан тарихы бай, тамыры терең киелі өнер ордасы. Қазақ өнерінің қара шаңырағы «Қазақконцерт» ұйымының негізін қалаған тұлғалардың есімдері ел тарихында алтын әріптермен жазылған. Олардың қатарында Роза Бағланова, Жамал Омарова, Рабиға Есімжанова, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Шара Жиенқұлова, Мағауия Хамзин, Әзидолла Есқалиев, Еркеғали Рахмадиев, Ғарифолла Құрманғалиев сынды атақты талант иелері бар. Алғаш құрылған жылдардан бастап «Қазақконцерт» ұйымы…
Read More

Шеберлер тартуы

Целиноград ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Байқауға ауданның түкпір-түкпірінен қолөнер шеберлері, ұсталар, тоқымашылар мен тігіншілер өз бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынды. Тері мен былғарыдан, ағаштан ойып жасалған халқымыздың тұрмыстық заттары, бедерленіп ою басылған түрлі көрпелер, сырмақ, текемет, сынды ұлттық нақыштағы бұйымдар мен картиналар, ұлттық аспаптар көрменің сәнін келтірді. Мұндай шаралардың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттау, шеберлердің жұмысын халық арасында таныту болып табылады. Көрмеге ауыл ауылдан 19 шебер қатысты. Олардың арасында шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздар мен кәсіпқой мамандар бар. Қазылар алқасы шеберлердің қолөнер бұйымдарының ерекшелігін көрсетуіне, сонымен бірге бұйымдардың киіз, ағаш, былғары сынды табиғи заттардан жасалғанына көңіл бөлді. Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ермек Нұғыманов бастаған әділқазылар алқасы байқау қортындысын шығарды. Осылайша бас жүлдені Қосшы ауылының…
Read More

Бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы

Қазақстан халқының бірлігі күні – бейбітшілік пен жарқын болашаққа деген сенімді паш ететін мереке. Ол әрбір қазақстандық үшін ерекше қымбат, өйткені, бірлік біздер үшін әдемі метафора ғана емес, бұл ең алдымен баға жетпес құндылық. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қалыптасудың күрделі жолынан абыроймен өтіп, Қазақстан дүниежүзілік бейбітшілік пен келісім мекені атанып қана қоймай, әлем елдері алдында биік беделге, құрметке ие болды. Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық тепе-теңдікті сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарып келеді. Тәуелсіздік жылдарында ол өзінің басты міндеті – елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді және мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттардың этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруды табысты орындауда. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметіне «Қоғамдық келісім» мекемесі үлкен қолдау көрсетеді. Этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық бола отырып, ол этностардың бірлігі, этносаралық келісім, жалпыазаматтық бірегейлік идеяларын қалыптастыру…
Read More