«Наурыз-думан» қызығы

Бұланды  ауылындағы орта мектепте наурыз мерекесі кеңінен көрініс тапты.

Наурыз мерекесінің маңыздылығын ұғындырып, халқымыздың  салт-дәстүрін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған кештің шымылдығын  мектеп директоры Бикеш Смайылова  ашты. Ол ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, мектеп оқушылары мен мұғалімдерді  мақтау қағаздарымен марапаттады. Содан соң  көрермендер назарына  «Наурыз-думан» атты  концерттік бағдарлама ұсынылды. Мұнда «Көгершін» би ансамблі, «Мерей» фольклорлық ансамблі өнерімен жұртты тәнті етті. Шара барысында жиналғандар арасында ұлттық ойындар  ойнатылып, ата-аналар мен оқушылар әзірлеген ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өткізілді. Соңында ауыл тұрғындары мен қонақтар «Қара жорға» биін билеп, үйлеріне жақсы көңіл-күймен
қайтты.

Ж. ӘБДІРАХМАНОВА,
кітапханашы.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар