Басшылықтағы жаңа есім

Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалиннің 2018 жылдың 20-шы қыркүйектегі өкімімен Мұрат Рахымбергенов Ақмола облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Мұрат Мағауұлы 1969 жылы Зеренді ауданында туған. Екі жоғары білімі бар. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик жəне «Фемида» заң академия-сын заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Көкшетау облысының Бұлақ кеңшарында жабдықтаушы инженер болып бастаған.
2003-2008 жылдары аралығында Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы басшысының орынбасары, кейін басшысы лауазымдарында болды. 2008-2012 жылдары аралығында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі, кейін кеңесшісі қызметтерін атқарды. Осы тағайындауға дейін «Экоцентр-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметінде болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар