Ұстаздар алдында биік міндеттер тұр

Ақмола облыстық білім басқармасының өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазанда жолдаған жаңа Жолдауы аясында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша алдағы жоспарлары туралы айтып өтті.

Жаңа Жолдауда Мемлекет басшысы елді жаңғыртудың жаңа кезеңі аясында қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды. Олардың ішінде мектеп және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагог мәртебесін және оның қоғамдағы рөлін арттыру, мектеп құрылысын елді мекендерді дамыту жөніндегі жоспарлармен үйлестіру және тағы басқа өзекті мәселелерге қозғау салды. «Елбасы мектепке дейінгі білім беруде басымдықтар 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникабельдікті және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жалғасуда. Ақмола облысында 560 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 121 мыңнан астам бала білім алады. 12 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды, одан әрі облыстың 3 мыңнан астам педагогын оқыту міндеті тұр», – деп хабарлады Ақмола облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Әсемгүл Сүлейменова. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Ақмола облыстық әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасында меморандумға қол қойылып, облыстың жалпы білім беретін мектептерінде олардың
тәжірибесін тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Ақмола облысында білім беру мазмұнын жаңарту үшін 57 мектеп әдістемелік қолдаудың тірек алаңы болып табылады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79 қадамын және үштілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоспары жасалды. 2018-2019 оқу жылында облыстың 11 пилоттық мектептерінде биология, химия, физика және информатика толық ағылшын тілінде оқытылады. 182 пилоттық мектепте бұл пәндерді ішінара ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізу басталды. Бұл үдеріске 395 педагог қатысты. Облыстың жазғы тілдік мектептерінде аула клубтары, оқушылар сарайлары мен үйлері, қала сыртындағы лагерьлер жанында лингвистикалық ауысыммен
23 115 бала қамтылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, білім беру саласында балаларға арналған 61 тегін ІТ-класс ашылды. Онда балалар бағдарламалау, қарапайым алгоритмдерді құру, Web-сайттар құру, компьютерлік ойындар мен Еуропалық білім беру стандарттары бо-йынша анимация дағдыларына үйренеді. Сандық экономика үшін адами капиталды дамыту бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы білім беру ұйымдарында робототехника элементтері бар 119 кабинет құрылды.
Мемлекет басшысы орта мектепте балалардың кәсіби диагностикасы мен неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бағдарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Болашақ кәсіптің таңдауын уақытылы анықтау мақсатында Ақмола облысының ұйымдарында кәсіби бағдар беру қызметін күшейту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар