Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бидайдың жаңа сорты гектарына 46,5 центнерден өнім берді - АРҚА АЖАРЫ

Бидайдың жаңа сорты гектарына 46,5 центнерден өнім берді

Научный кентінде орналасқан А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы қатты бидай зертханасының қызметкерлері өткен жылы «Дамса-2017» жаңа бидай сортын сынақтан өткізу нәтижесінде әр гектардан 46,5 центнерден өнім алды.

Ғалымдар бидайдың жаңа сортын шығаруда зерттеу жұмыстарын 2015 жылы бастаған. Табысты жұмыстың нәтижесінде бірнеше жылдан кейін бидайдың төзімділігі жоғары «Дамса-2017» жаңа сорты дүниеге келді. Еліміздің солтүстік өңірлерінде өсіруге арналған бұл сорт ауа және топырақ құрғақшылығына төзімді. Экологиялық жаздық далалық түрге жатады. «Дамса-2017» сорты шикі протеин мен ақуыздылығының тұрақты құрамымен ерекшеленеді. Осы бидайдан алынған макарон сапалылығы бойын-
ша стандартты көрсеткіштен асып түседі.
Экологиялық сортты сынақтан өткізу Солтүстік Қазақстан облысының егістік алқаптарында жүргізіліп, әр гектардан 46,3 центнерден өнім алынды. Осылайша орталық өнімділігі жоғары жаңа сортты сынақтан өткізді.
Аян ҚАЙЫРБАЕВ.
А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз хатшысы.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар