Елбасы «Ақылды қала» Ақкөлдегі игі істерге риза болды

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген аппарат мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақкөл қаласында жүзеге асырылған «Smart Sity – Ақылды қала» заманауи технологияларды енгізу жөніндегі тың жобамен танысуының қорытындысы және 2018-2019 жылдардағы жылу берудің қазіргі жай-күйі қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Марат Иғалиев хабарлама жасады. Ол таяуда ғана Ақкөл қаласында ашылған «Қазақтелеком» АҚ-ы желілік магистралінің техникалық мәліметтерді өңдеу орталығы туралы жан-жақты баяндап берді. Ақкөл қаласындағы ашылған ахуалдық орталықтың мақсаты – бұл шағын қалалар мысалындағы азаматтардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Облыс әкімінің орынбасары жаңа орталықтың ашылуымен қала тұрғындарының өміріне оң өзгерістер енгендігін атап өтті.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Елбасы келіп ашқан Ақкөл қаласындағы орталықтың іске қосылуына қазақстандық ірі компаниялардың тартылғандығын және ауқымды шаруалар атқарылғандығын айта келе, аталмыш қаланы цифрландыру бағытында жүзеге асырылған бұл іс Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын орындау аясында қолға алынған үлкен істің бастамасы екендігін және оның өз жалғасын табатындығын атап көрсетті.
Екінші мәселе бойынша облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко қалалар мен аудандардағы жылу беру, отын қоры жайында айтып берді. Басқарма басшысы қазандықтардың қысқы жылу беру маусымына қандай дайындықпен келгендігі, қалыпты жұмыс жасауы үшін қолданылып жатқан шаралар, отын қорын тиімді пайдалану жайына тоқталды. Сондай-ақ, жылу қазандықтарының қауіпсіздігі мен отын қорының сапасы туралы да мәлімдеді. Сонымен бірге, таяу арада келесі күзгі-қысқы маусымға дайындық жоспары жасалатынын, онда биылғы жылғы маусымда жол берілген кейбір олқылықтар ескерілетінін де атап өтті.
Облыс әкімі құзырлы органдардың басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жергілікті жерлерде жылумен қамтамасыз ету мәселесі әрдайым назарда ұсталуы қажеттігін ескертті.
Аппарат отырысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов өңірімізде қолға алынған «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы жайында хабарлама жасады. Бұл жобаның мақсаты тұрмыстық жемқорлық пен халық арасында жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру болып табылады. Облыс басшысы жаңа жобаға қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыруға жергілікті жерлерде атсалысу қажеттігіне назар аударды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар