Алдаш ата – мақтанышым

Менің атам Оспанұлы Алдаш та сонау сұрапыл соғыс жылдарында қолына қару алып Отан қорғаған батыр жандардың бірі.

Ол 1905 жылы Ақмола жерінде дүниеге келіп, ерен еңбек еткен жан. Атам 1941 жылдың жазында алғашқылардың қатарында, 310 –ші Панфилов атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған болатын.
Майдан даласында бірнеше рет жараланып, госпитальда емделіп, жарасынан айыққан соң сапқа қосылып, майдан шебіне оралған екен. Сөйтіп, ардагер атам соғыстың басынан аяғына дейін ұрыс даласында болады. 3-ші Беларусь майданының қатарында 1945 жылдың 10 сәуірінде Кеннигсберг қаласын алуға өз үлесін қосқан болатын. «За взятие Кеннигсберга» және бірнеше медальдармен марапатталды. Жеңісті осы Кеннигсберг қаласында қарсы алған-ды.
Соғыстан кейін туған жеріне аман- есен оралып, Күләйім әжеммен шаңырақ құрып, үш қыз, бір ұл өсіріп тәрбиелеген атам бейбіт өмірде Шалқар мамандандырылған шаруашылығында ерен еңбек етіп, зейнетке шыққан еді.
Ауылымыздың ардақты ақсақалы, сыйлы қариясы болған Алдаш атамды немересі ретінде өзіме үлгі тұтамын, мақтаныш етемін әрдаймым.
Қасымхан Қасентайұлы.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар